Алғыс айту күні құтты болсын!

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы баршаңызды шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтайды!

Әрқашан бір-бірімізге ризашылықпен рахметімізді айтып, көңілімізді жадыратып жүретін сәттеріміз толастамасын. Өзара көмек көрсетіп, игі істер атқару және сол үшін жылы лебіз білдіру – мәдениеттілігіміздің белгісі.

Өз кезегімізде, партияға сенім білдіріп әрі қолдап жүретін жақтастарымызға, даму жолында тізе қосып жұмыс істеп келе жатқан өңірлік филиалдарымыздағы қызметкерлерімізге, елімізді бірге көркейтейік деп тілектестік білдіріп жүрген әрбір Қазақстан азаматына алғыс айтамыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!

Құрметпен, ЖСДП