Қаратал өзенінің экологиялық жағдайы алаңдататып отыр

ЖСДП Жетісу облыстық филиалы 8 ақпан күні «Қаратал өзенінің экологиялық жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Серік Канапьянов, Жетісу облысының Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының маманы Әлібек Әбділбаев, Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Мөлдір Ахметжанова және Әділ Қайратұлы, Жетісу облысы бойынша «Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» РММ өңірлік бөлімінің басшысы Ботагөз Оразбекова қатысты.

Қаратал өзенінің ұзындығы – 390 км, су бассейнінің ауданы – 19,1 мың км². Жетісу Алатауының орталық жотасының солтүстік-батыс жағындағы мұздықтардан құралатын өзендердің бірі. Қаратал өзенінің бойында Талдықорған, Үштөбе, Текелі қалалары орналасқан. Өзен Көксу, Қаратал, Ескелді аудандарын кесіп өтіп, Балқаш көліне құяды. Көлге құяр тұсы кең жайылған, арнасы 100 метрге дейін жетеді. Өзен ағысының орташа жылдамдығы шамамен 7 шақырым/сағат. Балқаш көліне құйылатын судың 20%-ын құрайды, десек те, Қаратал өзенінің қазіргі жағдайы елді алаңдатуда. Өзен бойына түнде көзден тасаланып келіп, күл-қоқысты, ескі-құсқыны, өндірістік қалдықтарды аударып кететіндер жиілеген, өзеннің арнасы жиі ауысып, түбі қайырланып, суы азайып барады. Ешқандай құжатсыз, рұқсатсыз өзен арнасын тас-талқан етіп, құм мен қиыршық тас қазып алып жатқандар қаншама. Табиғат жанашырлары дабыл қаққан кезде ғана жергілікті әкімдік пен полиция дереу жиналыс өткізіп, шара қолданып, іске кіріскен болады. Бірнеше мәрте рейд өткізіп, ұсталғандарға айыппұл салды. Алайда, өзен арнасын бүлдіру тоқтаған жоқ.

Сонымен қатар, Жетісу облысының Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының маманы Әлібек Әбділбаевтың мәлімдеуінше, облыс бойынша 12 кіші СЭС (су электр станциясы) бар, оның ішінде 4 СЭС Қаратал өзенінің бойында орналасқан және Қаратал өзеніне қосылатын Көксу өзенінің бойында 1 СЭС жоспар бойынша салынып жатыр.

СЭС-тердін көптеп салынуы судың азаюына және экологияға кері әсерін тигізеді. Өзен арнасының бойындағы барлық су қоймасын тексеру қажет. Өзен мәселесін бүгін шешпесек, бірер жылда су тартылып, табиғи ландшафтыларымыздан айырылып, Балқаш көлінің арнасы да азаяры сөзсіз.

Жетісу облыстық Экология департаментінің мамандары халықтың алаңдауы орынды екенін мойындайды. Қазір Жетісу облысы болып қайта құрылымдау, ұйымдастыру жұмыстары аяқталып, бұл мәселе бойынша нақты шараларды енді қолға ала бастағандарын айтып өтті.

«ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес жылына екі рет мониторинг жүргізіледі. Өңір бойынша «Балықты» және «Қаратал» өзендерінің арналарынан заңсыз, құм мен қиыршық тас қазуға жол бермеу мақсатында, іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. 2021 жылға дейін Департаментке келіп түскен арыз-шағымдарды ҚР Экологиялық кодексінінің 139 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салып, залал келтіргені үшін шара тағайындалатын. Алайда ҚР кологиялық кодексінің баптарына өзгерістер енгізілгелі жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін, жеке және заңды тұлғаларға, алынған заттың нарықтағы орташа есебі бойынша ғана айыппұл тағайындалады. Ол дегеніміз – мысалы: 10 тонна зат алынса, тек 5-10 мың теңге мөлшерінде айыпұл төлейді», – дейді Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Мөлдір Ахметжанова.

Осы тұста, Жетісу облысының экология департаментінің ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, айыппұл мөлшері ұлғайтылса екен деген ұсынысы бар. Себебі ҚР Экологиялық кодексінің баптары заң бұзушылыққа тосқауыл бола алмай отыр.

Жиын қорытындысы бойынша, ЖСДП Жетісу облыстық филиалы Жетісу облыстық экология департаменті мамандарының талдау сараптамасын негізге ала отырып, ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер енгізуге ұсыныс жолдау туралы қарар қабылдады.

ЖСДП Жетісу облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты