Зеренділік дәрігерлер референдумға қатысады

Ақмола облысында ресми сапармен жүрген мәжіліс депутаты, ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов медициналық құылым қызметкерлерімен арнайы кездесіп, референдумға қатысудың маңыздылығы жайында кеңес өткізді.

Партия төрағасы Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының орталығындағы аудандық емхана ұжымымен жолықты. Мұнда ол ақ халатты жандардың абройлы еңбегін жоғары бағалап, халық пен ел үшін атқарып жатқан арда еңбектері үшін алғыс айтты. Отырысқа жиналған дәрігерлер қауымына еліміздегі АЭС құрылысын салу жөніндегі мәселелер бойынша біршама ақпаратпен бөлісіп, дәрігерлердің сауалдарына жауап берді. Депутат Асхат Рақымжанов атом электро станциясының әлем үшін маңыздылығын ескертіп, елдің болашағы туралы өз ойымен бөлісті.

«Бір кездері қазақстанда атом сынақтарының болғанын бәріміз білеміз. Бірақ ол кездегі атом тек әскери жойғыш қару мақсатында сынақтан өткізілді. Ал ендігі атом станциясының жөні бөлек. Себебі бұл әлемнің назарында болатын дүние. Бейбіт жолда энергия көзінің жетіспеушілігін болдырмау мен өркениеттің дамуы мақсатында қолға алынбақ. Сондықтан ел билігі АЭС салуды бірден өздері шеше салмай халықпен ақылдасуды, халықтың пікірін тыңдауды негізге алып отыр. Бұл демократиялық жол деп түсініңіздер. Сол себепті алда болатын референдумға барып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Бұл жерде АЭС-ті салу-салмау емес, алдымен халықпен, сіздермен ақылдасу маңызды болып тұр»,-деді мәжілісімен өз сөзінде.

«Біз бәріміз бір кісідей барып референдумда таңдау жасайтын боламыз. Себебі жаңа ғана мәжіліс депутаты Асхат мырза осы істің ел үшін маңызды екенін айтып түсіндірді. Сондықтан үлкен науқаннан қалмаймыз»,-дейді Емхана меңгерушісінің қызметін атқарушы, әрі дәрігер Тұрғынова Мадина. ЖСДП баспасөз қызметі

Депутат Мажилиса Асхат Рахимжанов на встрече с местными жителями в Зерендинской районной больнице рассказал им о предстоящем референдуме по вопросу строительства атомной электростанции.

Народный избранник подробно остановился на вопросах обеспечения безопасности при эксплуатации АЭС, списке компаний-подрядчиков, которые могли бы принять участие в строительстве, а также напомнил жителям поселка Зеренда об их прямом избирательном праве.

«Я призываю всех пойти и проголосовать, выразить согласие или не согласие. То есть, это право каждого гражданина, это и есть демократия. Вы в кабинке сами по себе, ни перед кем не отчитываетесь, есть ваш бюллетень, один вопрос и ручка. «За» или «против» — только проголосовать», - сказал Асхат Рахимжанов.

Местом возможного строительства АЭС предусматривается поселок Улкен, а электроэнергия, как планируется, будет покрывать дефицит в южных регионах.

Большинство участников встречи намерены идти на референдум, сообщила представитель зерендинской районной больницы.

«Насколько я знаю, 90 процентов нашего коллектива намерены пойти на референдум и обозначить свою гражданскую позицию по этому вопросу», - рассказала заместитель руководителя медицинской организации Мадина Тургынова.

Напомним, референдум по вопросу строительства АЭС состоится в Казахстане 6 октября.

Пресс-служба ОСДП