Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жер учаскелері мен рұқсат беру құжаттарысыз салынған құрылыстарға азаматтардың құқығын біржолғы заңдастыруға жәрдемдесу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдайды. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің басты әлеуметтік міндеті. Еліміздің түкпір-түкпірінде, әрбір елді-мекенде «өз еркімен», жергілікті атқарушы органдардың тек ауызша рұқсатымен салынған ауылдар, шағын аудандар, тұрғын алаптары бар. Алысқа бармай-ақ қояйық, бізге Астана қаласының шетінде орналасқан «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындары шағымын айтып келді. 2004 жылдан бастап ауылда 400-ден астам үй салынған, онда 1500-ден астам адам тұрады, алайда осы жердің жұрты 19 жыл бойы өзінің баспанасына заңдық құқық беретін құжаттарды рәсімдей алмай жүр. Бұл тұрғындар ешбір статистикалық есепте көрсетілмеген, жалпақ тілмен айтқанда «ауада» өмір сүріп отыр. Өркениеттің қарапайым артықшылықтарына да қол жеткізе алмай жатыр. Осы уақытқа дейін Астана қаласының әкімдері – Өмірзақ Шөкеевтен бастап аталған тұрғын үй алабының адамдарына үйлері еліміздің заңнамасына сәйкес заңдастырылып, ресми түрде электр және сумен жабдықталатыны туралы бірнеше рет уәде беріп келген.
Егер бұрын елорда әкімдері, ең болмаса, тұрғындарға құжаттарын рәсімдеуге уәде берсе, қазір әкімдік бұл мәселеден тіпті басын алып қашып жатыр. Уәкілетті орган мен әкімдіктің позициясы әлеуметтік жанжалдың алдында тұрған тұрғындардың ашуы мен наразылығын тудырып отыр. Алматы қаласындағы Шаңырақ шағын ауданымен байланысты 2006 жылғы қайғылы оқиғалар бәріміздің есімізде. Егер Үкімет осы мәселені шешу үшін тиісті шаралар қабылдамаса, мұндай қайғылы сценарий елордада қайталануы әбден мүмкін.
Мұндай мысалдар елімізде өте көп, сондай-ақ барлық жерде адамдар өзінің тұрғын үйге деген құқығын қорғау үшін соңына дейін баруға дайын. Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы өз сөзінде жаңа Қазақстанда азаматтарымыздың заңды құқығын мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы бірнеше рет айтты. Осыған байланысты Үкімет мынаны жасауы қажет деп санаймыз:

  1. Бүкіл республика бойынша жер учаскелеріне мониторинг жүргізу; Өйткені елімізде қаншама азамат құжаттарын заңдық тұрғыда тиісінше рәсімдей алмай жүр.
  2. Осы жер учаскелері мен құрылыстарды бір реттік заңдастыруды жүргізу;
  3. Өз еркімен заңсыз құрылыс бастаудың жаңа фактілерінің туындауына жол бермеу шараларын қабылдау; Осы айтылғандардың негізінде, мәселені шешу және кемшіліктерді жою жолдары бойынша барлық сұраққа жауап берулеріңізді сұраймын.
    Депутаттық сауалды қарау нәтижесі мен оны іске асыру бойынша қабылданған шаралар жөнінде заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен,ЖСДП фракциясы депутаттары

Н. Әуесбаев А. Рақымжанов А. Сағандықова Н. Сайлаубай

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты