Бизнес пен мемлекеттік мекемелер үшін әлеуметтік қызмет көрсету тарифін қалай әділ қоюға болады?

Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифі бірдей болады.

Бұл жайында Астанада ЖСДП ұйымдастырған инклюзивті қоғам мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) алғашқы республикалық слеті барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова мәлімдеді.

Іс-шара барысында павлодарлық «Самал» РО мүгедектер қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі Дастан Қозыбақов өздерінің бірлестіктері 27 жыл бойы тірек-қимыл аппараты проблемалары бар балалардың мәселесімен айналысатынын атап өтті.

«Мемлекеттік оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шеңберінде тариф бірдей. Бір балаға шамамен 8 мың теңгеден келеді. Ал біз, яғни үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік сатып алу мекемелерге қарағанда аз қаражат алады, біз жалақы да алмаймыз», – дейді ол.

Назгүл Сағындықова атап өткендей, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енді және онда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесіне жаңа тәсілдер енгізу көзделген.

«Ең алдымен арнаулы әлеуметтік қызметтер стандартын қайта қарау және 2025 жылдан бастап жан басына шаққандағы норматив енгізу жоспарланып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, қазір денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде жан басына шаққандағы нормативтер бар. Әлеуметтік қорғау жүйесінде бұл нормативтер болған жоқ. Қазір жан басына шаққандағы нормативтерді есептеу бойынша команда жұмыс істейді және 2025 жылдан бастап оны біздің жүйеге енгізуді жоспарлап отырмыз. Жан басына шаққандағы норматив енгізудің негізгі мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Бұл өзгерістер, бір жағынан, кейбір қызмет түрлерін немесе тауарларды ішінара монетизациялауға жол ашады», – деп атап өтті ол.

Еңбек министрлігінің деректері бойынша, жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мүгедектігі бар адамдарға қажет инфрақұрылымды жеке бизнесті тарту арқылы ауылдық жерлерге жеткізуге мүмкіндік береді.

«Бізде жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі алғаш рет енгізіліп жатқанын ескеріп, оны іске асыруды пилоттық жоба түрінде бастау туралы шешім қабылданды. Пилоттық жобаны бірінші шілдеден бастап төрт өңірде іске асыра бастадық, олар – Қарағанды, Астана, Шымкент және Көкшетау.

Сыйымдылығы шағын ғана төрт үй ашылды және солардың базасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің жан басына шаққандағы нормативтері сыналуда», – деп түсіндірді Назгүл Сағындықова.

Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша, 2024 жылы тарифтеудің жаңа жүйесі дайындалады.

«Жан басына шаққандағы нормативтің есептеуінде стационарға, жартылай стационарға, күндізгі ем қабылдауға арналған нормативтер болады. Яғни, әртүрлі санат бойынша. Тарифтер де барлығына бірдей болады. Сондықтан, егер сіз белсенді ҮЕҰ болсаңыз және мүгедектігі бар адамдардың ата-аналары сізді білсе, онда сіз де тізімде боласыз, сіздің жеке бизнес ретіндегі заңды мәртебеңізді өзгертіп, ұйымды қайта ресімдеуіңіз керек, өйткені ол жеке бизнес үшін жұмыс істейді», – деп сөзін қорытындылады еңбек вице-министрі.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты