Депутат Ажар Сағандықова министрлікті Су кодексіне қатысты жұмысы үшін сынға алды

Кеше Мәжілісте су ресурсын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ілеспе түзетулерімен жаңа Су кодексінің жобасы таныстырылды. Алайда баяндамашының жоба жөнінде және Су кодексінің өзі туралы баяндамасы кейбір депутаттардың сынына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат Ажар Сағандықова Су кодексінің жобасы мен оның тұжырымдамасының арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін атап өтті.

«Мен тұжырымдаманы да, Су кодексінің өзін де оқыдым. Маған Су кодексінің өзінен гөрі тұжырымдама көбірек ұнады. Сіздер әртүрлі заң жобасынан үзінділер алып, оларды бір жоба жасау үшін біріктіре салған сияқтысыздар. Олар кейбір жері тіпті жазу стилистикасы бойынша да сәйкес келмейді. Менде мынадай сұрақ бар: сіз өз тұжырымдамаңызда әлемдік тәжірибені әдемі баяндап бердіңіз, ал кодексті әзірлеу кезінде қандай әлемдік тәжірибеге сүйендіңіз? Өйткені тек Өзбекстанда ғана су мен суды пайдалану және сумен жабдықтау мен ағын суларды бұру туралы екі заң бар. Ал сіздер бәрін бірдей кодекске кіргізе бергенсіздер. Ол аздай, кімнің не үшін жауапты екені белгісіз», ‒ деді Ажар Сағындықова.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бірінші вице-министрі Болат Бекнияз сумен жабдықтау мен суды бұру бөліміне шынымен де жеке заң қажет деп жауап берді. Алайда 30 жыл бойы бұл заң қабылданбағандықтан, министрлік оны Су кодексіне енгізді.

«Сумен жабдықтау және суды бұру болашақта сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі жеке заң болып қайта даярлануы мүмкін», ‒ деп қосты Болат Бекнияз.

Бұл жауап Ажар Сағындықованы қанағаттандырмады. Мәжілісмен заңның жазылуына қаражаттың қаншалықты тиімді жұмсалғанына күмән келтірді.

«Менің үкімет өкілдеріне үлкен өтінішім бар – заң жазу кезінде министрліктің бюджет қаражаты қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқаны туралы зерттеу жүргізсеңіздер, өйткені Мәжіліске пысықтауды талап ететін заңның келіп түсіп отырғаны бірінші рет емес. Біз бұл заңдарды басынан бастап қайта жазып шығып, уақытты босқа жоғалтып жүрміз», ‒ деді депутат Ажар Сағандықова. Вице-министр Су кодексін әзірлеуге бюджеттен ақша бөлінбегенін айтты.

Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – экономиканың тұрақты дамуына, азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беретін суды пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және қолдау екенін атап өткен жөн.

Жаңа кодексте суды үнемдеу маңызды рөл атқарады. Мысалы, су пайдаланушылардан су ресурстарын ұтымды пайдалану, суды үнемдеу технологиялары мен суды қайта пайдалану жүйелерін енгізу жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ, жер асты ауыз суларын мақсатсыз пайдалануға жол бермеу талап етіледі. Ал суды қайта пайдалану жүйесі жоқ ұйымдар мұндай жүйелерге көшу жоспарын ұсынуға міндетті. Бұл ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларына қатысты.

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву