Депутат Наурыз Сайлаубай әр баланың шотына қаражат жинақтау бойынша БЖЗҚ-ның міндетіне тоқталды

Бүгін Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау бойынша заңға түзетулер енгізуді бірінші оқылымда қарады.

Заң жобасы Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе тұрғын үй сатып алу, білім алу мақсаттарына пайдалану үшін 18 жасқа толмаған балаларға ақшалай жинақ түрінде мемлекеттен алғашқы көмек беруді көздейді.
18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Егер азамат осы уақыт ішінде пайдаланбаса, шоттағы қаражатты сол адамның зейнетақы шотына аудару ұсынылады. Есептеулер автоматты түрде жүзеге асырылады, ал есепке алуды БЖЗҚ жүргізбек.

Осыған байланысты депутат Наурыз Сайлаубай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаралып жатқан заң жобасындағы міндеттерді атқаруға қаншалықты дайын екенін сұрады.

«Заң жобасында Қордың құзыреті мен міндеттері артуда. Атап айтқанда, нысаналы активтер мен талаптарды есепке алудан бастап, әр баланың шотына қаражат жинақтау, оның жыл сайынғы есебін жүргізу, сонымен қатар жинақталған қаражатты кәмелет жасына келгенде уәкілетті операторға төлеп беру және т.б. Бұл жұмыстар қаржыландыру ресурстарын да қажет етеді. Осы тұрғыда, қаржыландыру мәселесі қалай шешілмек? Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жүйесі бұл міндеттерді атқаруға дайын ба?», - деді депутат.

Сұраққа жауап берген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» басқарма төрағасы Жанат Құрманов қордың заң жобасындағы тетіктер мен қазіргі уақыта жүргізілетін тетіктер бойынша жұмысын жалғастыра беретінін айтты. «Мысалы, біз 2 жарым жылдың ішінде 1 млн салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсартуына және емделуіне қызмет көрсеттік. Екіншіден, Ұлттық банк зейнетақы қорындағы активтерді басқарушы болып жұмыс істейтіндіктен, біз бірлесіп бизнес процестерді жүргізіп отырамыз. Сондықтан шығыс көлемі өспейді деген ойдамыз», - деді ол.

Ал депутаттың «БЖЗҚ-ның және мүдделі мемлекеттік органдардың электронды базасы белгілі тексеруден өткен бе, ақпараттық қауіпсіздік сақталған ба?» деген сауалына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілі ақпараттық жүйелер ақпараттандырудың маңызды объектілерінің тізіміне кіретінін алға тартты. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарына қосылу бойынша қандай жұмыс жасалғанын тексеріп, ресми түрде мәлімет беретінін жеткізді.

ЖСДП-ның баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.