Депутат Сағандықова балалар үйіндегі мәселелерді көтерді

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ажар Сағандықова ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа Балаларды қолдау орталықтарының қызметкерлері мен педагог-психологтардың жалақысын қайта қарау керектігі туралы депутаттық сауал жолдады.

«Күнделікті жаңалықтардан өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар жайында оқып жүрміз. Төтенше жағдай кезіндегі бірінші кезектегі міндет – балаларды қауіпсіз жерге орналастыру және оларды жеке гигиена құралдарынан бастап білім алу мүмкіндігіне дейін – барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету. Өйткені көбінесе панасынан айырылып, көшеде қалған балалар өздігінен өзін қажетті заттармен қамтамасыз етуге мәжбүр болады, ал бұл оларды қылмыс жолына түсуге алып келуі мүмкін», ‒ дейді Ажар Сағандықова.

Ол өзінің депутаттық топтың құрамымен Қазақстан бойынша жұмыс сапары барысында 3 жастан 18 жасқа дейінгі өмірлік қиын жағдайға тап болған жасөспірімдер орналасқан Балаларды қолдау орталықтарының жұмысымен танысқанын атап өтті.

Орталықтар өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға уақытша тұруға және болашақ өмірге бейімделуге мүмкіндік беріп, ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтер көрсету арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

«Орталықтың жүйелік проблемасы кадрлармен қамтамасыз ету лимиттерінің, басқа да заттар алуды (қыздарға да, ұлдарға да арналған аксессуарлар, гигиеналық тауарлар және т. б.) қаржыландыру нормаларының, кәмелетке толмағандарға міндетті орта білім алу үшін қажетті кеңсе керек-жарақтары және басқа да құралдардың болмауы бөлігінде заңнаманың жетілмегендігімен және кәмелетке толмағандардың Орталықта қысқа мерзімде болуын ескере отырып, күніне бір балаға дәрі-дәрмек беру нормаларының жоқтығымен байланысты. Бұл сұрақтар орталықта әртүрлі созылмалы, психологиялық және басқа да аурулары бар балаларға да қатысты болуы мүмкін. Өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір кәмелетке толмаған жасөспірімге жеке тұлға деп қарау қажет. Орталыққа түсетін балалардың санатын, сондай-ақ олардың осында болу мерзімін ескерсек, қазір соған қатысты жоспарлау және реттеу тетігі жоқ», ‒ деді депутат.

Оның айтуынша, заңнаманың жетілмегендігінің салдары кәмелетке толмағандар арасында кездесетін құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясат қағидаттарының бұзылуына әкеледі. Атап айтқанда, өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір кәмелетке толмағандарға жеке тұлға ретінде қараудың, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңының 3-бабында көзделген ғылыми негізділік пен жүйеліліктің сақталмауына әкеледі.

Ал кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің негізгі міндетін орындамады.

Сонымен қатар, осы мекемелердегі қызметкерлердің жалақысында олардың білім беру саласындағы әріптестерінің жалақысынан айтарлықтай айырмашылық бар екен.

«Мысалы, тәрбиешінің жалақысы – 157 мың теңге, ал педагог-психологтың жалақысы – 150 мың теңге.

Бірақ орталықтардың қызметкерлері қиын жағдайға тап болған балаларды тәрбиелеу бойынша орасан зор жұмыс атқарып отыр, тіпті балаларға ата-ананың орнын алмастырады. Сондықтан біз мынаны талап етеміз: біріншіден, Орталыққа келіп түсетін балалардың санаттарын, сондай-ақ, олардың сонда болу мерзімдерін ескере отырып, соған қатысты қаржылық жоспарлау мен реттеу тетігін әзірлеу керек, екіншіден, Балаларды қолдау орталықтары қызметкерлерін ынталандыру және олардың жалақы категорияларын қайта қарау қажет», – деді халық қалаулысы.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты