Депутаттық сауал Қазақстан Р-ның Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловқа көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратудың нақты құны туралы жолданады

Бірнеше жыл бойы біздің партиямызға (ЖҰСДП) өнімді кәдеге жарату жүйесін сынаған азаматтардың өтініштері көп түсуде, ол жүйеге өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) қолданылады.

Азаматтар сынына мыналар: көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратудың нақты құны туралы (жеңіл көлік құралының бірлігі үшін шамамен 70-120 мың теңге), ӨКМ қолданылатын өнімді кәдеге жаратудың болмауы не өте төмен деңгейде болуы туралы, бұрын кәдеге жарату алымдарын қабылдауға жауапты болған «ӨКМ Операторы» ЖШС-тегі орын алуы мүмкін қаражатты жымқыру фактілері туралы талдамалық сараптамалық жұмыстың нәтижелері және т.б. негіз болды.

Қазақстанда қазір жылына 90 мыңға жуық отандық автокөлік өндіріледі, оның 10 мыңы субсидиялар мен экспорттық кредиттер арқылы экспортқа шығарылады. Тиісінше ішкі нарықта отандық өндірісте құрастырылған 80 мың автокөлік қалады. Сонымен қатар нарыққа орта есеппен 15 мыңға жуық жаңа автомобиль әкелінеді. Бұған қоса, жүрілген (пайдаланылған) автомобильдер аз – орташа есеппен 15 мыңға жуық автомобиль әкелінеді. Нәтижесінде ішкі нарықта барлығы 110 мың автомобиль сатылады, мұнда отандық өндірісте құрастырылған автомобиль басымдыққа ие.

Бұл ретте тосқауыл шаралары, атап айтқанда кәдеге жарату алымы, бастапқы тіркеу алымы, техникалық регламент енгізілгенге дейінгі кезеңде (2016 жылға дейін) Қазақстан Республикасы автопаркінің жыл сайынғы өсімі 400 мың автокөлікке жетіп отырды. Кәдеге жарату алымы және бастапқы тіркеу алымы енгізілген кезден бастап жеңіл автомобильдер паркі 4 млн-нан 3.7 млн-ға дейін кеміді, автомобильді пайдаланудың орташа мерзімі 21 жылға дейін өсті, автомобильмен қамтамасыз ету деңгейі мың адамға шаққанда 251-ден 197-ге дейін төмендеді, ал 10 жылдан астам пайдаланылған автомобильдердің үлесі 59%-дан 65%-ға дейін өсті. Сонымен бірге, Ресейде автомобильмен қамтамасыз ету деңгейі мың адамға шаққанда 231-ден 316-ға дейін өсті, ал автопаркті пайдаланудың орташа мерзімі 14 жылды құрайды.

Қазақстанда құны бойынша қолжетімді автокөліктердің тапшы болуы проблемасы бар, оған орташа және негізінен төмен табыс табатын халықтың қалың жігі қол жеткізе алмайды. Қоғамның жікке бөлінуі омның бір бөлігінің жаңа көліктерге қол жеткізе алуына алып келді. Халықтың басым бөлігі автокөлікті қайталама нарықта өскен бағамен сатып алуға мәжбүр немесе мүлдем сатып алма алмайды, барынша жөндеп алып жүргізеді не қолда бар ескі автокөлікті пайдаланады. Бұл проблема кәдеге жарату алымы енгізілген кезден бастап 6 жылдың ішінде қалыптасты, іс жүзінде шетелден құны бойынша қолжетімді жүруге жарамды автомобильдерді әкелу мүлдем мүмкін болмады.

Қайталама нарықтағы бағалар мен ассортимент көрші елдерге қарағанда нашарлады. Бұл ЕАЭО шеңберінде шетелдік нөмірлері бар ескі автокөліктерді уақытша әкелуге алып келді. Бұл процесс құны жағынан қолжетімді автокөліктерді әкелу үшін тосқауылдарды алып тастау және осы процесті кері жүргізу арқылы тоқтылуы мүмкін.

Қазақстанда кәдеге жарату алымы, бастапқы тіркеу, қауіпсіздік сертификаты (техникалық регламент) автоөнеркәсіптің мүддесі үшін белгіленген және өте жоғары бағаланған.

Егер Еуропадан немесе АҚШ-тан 7 жыл пайдаланылған (Еуро-4, Еуро-5) жүруге жарамды автокөлікті әкелетін болсақ, онда автокөліктің бағасы кедендік рәсімдеуден өткеннен және барлық төлемдерді төлегеннен соң және қауіпсіздік сертификатын алғаннан кейін 2 еседен астам қымбатқа түседі. Егер Қазақстан Республикасына жеткізілетін автомобильдің құны 4 миллион теңге болса, мысалы, Toyota Camry, онда кедендік рәсімдеуден және алымдардан кейін оның бағасы 10 миллионға дейін өседі. Сондықтан автокөлік әкелу қисынсыз болады.

Кәдеге жарату алымы бүкіл әлемде қолданылмайды. Бұл ретте Қазақстанда қайталама металлургия қауымдастығы ресми растаған кәдеге жаратудың нақты құны бір автокөлікке шаққанда 100 мың теңгеден аспайды. Тиісінше, кәдеге жарату алымын 100 мың теңгеге дейін төмендетіп, қайталама металлургия кәсіпорындарын кедергісіз тартуды қамтамасыз ете отырып, халықтың барлық топтарында автопаркті жаңартуды қалпына келтіруге қол жеткізуге болады және бір мезгілде пайдаланудан мерзімі өтіп кеткен автокөліктерді қабылдауды жеделдетуге, кейіннен қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады.

Бастапқы тіркеу алымы автоөнеркәсіптің мүддесі үшін ғана енгізілді. Оның мөлшері 2 жылға дейін пайдаланылған автомобиль үшін 0,25 АЕК-ті, 2-3 жылға дейінгілері үшін – 50 АЕК-ті, ал 3 жылдан астам пайдалануда болған авто үшін 500 АЕК-ті құрайды, бұл 2022 жылы 1 518 000 теңгені құрады. ТМД елдерінде және бүкіл әлемде бастапқы тіркеу деген ұғым жоқ.

Егер Қазақстан Республикасында тосқауыл алымдарының мөлшерін барынша төмендетсе, онда азаматтар шетелден жақсы автокөліктер әкеле алар еді, бұл автопаркті толықтыруды және халықтың, шағын және орта бизнестің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтады.

Отандық автоөнеркәсіп осы шарадан қатты зардап шекпейді, себебі олардың сатылымы едәуір төмендемейді. Қазіргі уақытта жеңіл автокөліктердің отандық өндірісін нарықта тек екі ірі компания – «Аллюр» тобы және «Астана Моторс» тобы қамтамасыз етеді. Компания басшылары әл-ауқаты жағынан Форбс тізіміне еніп, қолдаудың барлық шараларына қол жеткізіп отыр.

Атап өткен бюджетке қосымша түсімдерді отандық құрастырудың жаңа автомобильдерін сатуды қолдауға жұмсауға да болады.

Баяндалғанның негізінде ЖҰСДП депутаттары мыналарды ұсынады:

1) кәдеге жарату алымы – тиісті бұйрықтарға өзгерістер енгізу арқылы жеңіл автомобильдерге мөлшерлемелерді 100 мың теңгеге дейін төмендету;

2) бастапқы тіркеу – Салық кодексіне 3-8 жыл пайдалануда болған автомобильдер үшін 6 АЕК мөлшерінде жаңа алым мөлшерлемесін енгізу арқылы 3-8 жыл пайдалануда болған автомобильдер үшін алым мөлшерлемесін 20 мың теңгеге дейін төмендету,

3) қауіпсіздік сертификаты (техникалық регламент) – шығындарды талдау және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне ұйғарым енгізу арқылы «ЭВАК» батырмасын орнатқаны үшін (700 мың теңгеге дейін) және сертификаттағаны үшін (50 мың теңгеге дейін) төлемақылардың шамадан тыс мөлшерін төмендету.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының депутаттары

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты