Елімізде Малайзия университеттерінің филиалын ашу жұмысы пысықталып жатыр

Кеше Мәжілісте «Қазақстан Республикасы-Малайзия» парламентаралық достық топтарының мүшелері кездесті.

Онлайн форматтағы кездесуге қатысқан Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай екі ел арасындағы дипломатиялық байланыс зор мүмкіндіктерге жол ашып отырғанын атап өтті.

– Малайзия университеттерінің түлектері қазір Қазақстанның әр саласында табысты еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Малайзия Азиядағы беделді білім беру орталықтарының бірі және біз үшін бұл бағытта ынтымақтастықтың маңызы зор. Сондықтан Малайзия университеттерінің Қазақстанда филиалдарын ашуын құптаймыз, – деді депутат.

Айта кету керек, малайзиялық университеттерде қос дипломды – малайзиялық және британдық үлгідегі диплом беру тәжірибесі енгізілген. Қазір кезде 240-қа жуық қазақстандық студент Малайзияда білім алып жүр. Мемлекет басшысының әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына сәйкес, Малайзияның бірқатар жоғары оқу орындарымен пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды саласы – туризм. Келушілерді ұлттық тағамдарымыз, мәдени көрікті жерлеріміз және бүгінде Қазақстанда белсенді дамып келе жатқан экотуризм қызықтырады. Өз кезегінде Малайзия отандастарымызды бірегей табиғи ландшафттар, мәдени және тарихи көрікті жерлерімен тамсандырады.

Қазақстандық студенттерді білім алуға өз елдеріне шақырған Малайзия Парламенті Өкілдер Палатасының Қауіпсіздік комитетінің мүшесі Саид Ибрахим Бин Саид Нохтың айтуынша, 2019 жылға дейін Алматы мен Лангкави арасында тікелей рейс болған. Ол 2020 жылы пандемия кезінде жұмысын тоқтатқан. Малайзия тарапы осы рейсті қайта іске қосу жөнінде ұсыныс білдірді.

Келесі жылдың басында малайзиялық «AirAsia» компаниясы Алматы – Куала-Лумпур бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

– Стратегиялық орналасуымыздың арқасында Қазақстан мен Малайзия бір-біріне, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлері үшін іскерлік, туристік және тарихи-мәдени хаб ретінде қызмет ете алады. 2024 жылдың 14 наурызынан бастап малайзиялық «AirAsia» әуе компаниясы аптасына 4 рет қатынайтын Куала-Лумпур – Алматы – Куала-Лумпур тікелей рейстерін ашпақшы. 23 қазанда рейстердің ашылу салтанаты өтіп, билеттер сатылымы болды. Бұл мемлекеттеріміз арасында туризм саласын дамытуға зор ықпал етеді деп сенемін, – деді Наурыз Сайлаубай.

ЖСДП Баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.