Ұлытаулықтарды жалпыұлттық референдумға шақырды

Депутат Ажар Сағандықова Ұлытау өңіріне ат басын тіреп, өңір жұртшылығымен кездесу үстінде.

ЖСДП фракция мүшесі Ажар Бақытқызы, Ұлытау ауданына арнайы барып аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп жүр. Кездесулердің келесісі ауданның белсенді азаматтарының арасында ұйымдастырылды. Мәжілісмен жұмыс сапары барысында АЭС-ті салу мен оған дайындықтың қалай жүрып жатқанын баяндады. Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Алмаз Қайрбекұлы тізгіндеген аталмыш жиында ғылым мен білім бағытындағы мәселелер де талқыға түсті.

«Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова біздің ауданға арнайы келіп, өздеріңізбен бетбе-бет жүздесіп, жастардың, белсенді топ мүшелерінің пікірін тыңдамақ. Сондықтан алдағы жалпыұлттық референдумға байланысты сауалдарыңызды ортаға тастасаңыздар болады»,-деді аудан әкімінің орынбасары. Өз кезегінде мәжіліс депутаты АЭС салудың мәнін айта келіп, барлығы халықтың қолында екенін жеткізді.

«Қазір мемлекет басшысы да, ел Үкіметі де халықтың таудауын ерекше назарға алып отыр. Барлығын мына сіздер шешесіздер. 6 қазан күні аудан халқымен бірге барып өз дауыстарыңызды бергендеріңіз дұрыс. Себебі бұл тек біздің ел үшін ғана емес, әлем үшін де маңызды қадам болмақ. Сондықтан аудан халқын түгелдей маңызды жобадан қалмауға шақырамын. Өз таңдауларыңызды жасап, азаматтық міндеттеріңізді орындасаңыздар»,- деді депутат Ажар Сағындықова.

Отырыс барысында жастар жағын АЭС-ке байланысты маман даярлау мәселесі қызықтыратындығы белгелі болды. Халық қалаулысы салиқалы түрде жастардың сауалдарына толыққанды жауап беріп, қазірдің өзінде біршама ғалымдар мен жастардың шет елдерге оқуға жіберіле бастағанын жеткізді.

ЖСДП баспасөз қызметі