Маңғыстау облысындағы мәселелер ортаға салынды

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары мен партия белсенділері елордада Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті.

Дөңгелек үстел басындағы әңгіме Маңғыстау облысындағы халықты толғандырып отырған мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын іздеу төңірегінде өрбіді. Оның ішінде Каспий теңізінің тартылуы, зауыттар салу, кадр тапшылығы талқыланды.

«Өңірдегі бірінші кезектегі мәселе – жұмыссыздық. Оны шешу үшін өңірде үлкен зауыттар салу керек. Бұл кезекте, жаңа технология, цифрландыру дамып жатқанын да ескеру керек. Яғни, бұрын 4 адам істейтін жұмысты қазіргі таңда 1 адам ғана атқарады. Осыған орай, біз қазір жастарды дуалды оқыту жүйесіне мән беріп отырмыз. Жастар теориялық білім алып жүріп, кәсіпорындарды кәсіптік тәжірибе жинай беруі тиіс. Соның арқасында тар ауқымды мамандар даярланып шығады. Сондай-ақ, Каспий теңізі тартылып, су өз деңгейінен төмен түсіп жатқанына байланысты теңіз кемелері порттарға жете алмай қалып жатыр. Сондықтан тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр», - дейді Жаңбырбай Матаев.

Өз кезегінде ЖСДП төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Рақымжанов партия қоғамдағы халыққа ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге даяр екенін жеткізді.

«Партия оппозициялық болғанына қарамастан, біз бірінші рет Парламентке өттік. Бұл – біз үшін тарихи жетістік. Диалог табу, әртүрлі сұрақтар бойынша өзара қарым-қатынас орнату біз үшін маңызды. Қоғамдағы өзекті мәселелерді бірге көтеріп, Парламент қабырғасында қозғауға, өзіміздің қолымыздан келер көмегімізді тигізуге қашан да әзірміз», - деп атап өтті депутат.

ЖСДП БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы