Ақмола облысындағы саяжайларда инфрақұрылым мәселесі шешілмей тұр

Бұл мәселе Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ерекше назарында болғандықтан, 22-ші шілдеде Зеренді тас жолы бойындағы саяжайлардың иелерімен кездесіп қайттық.

Саяжай иелері мұндағы қордаланған мәселелерді айтып шағымданды. Электр қуаты мен ауызсудың жоқтығы, жолдың нашарлығы жергілікті халықты ашындырып отыр. Сан мың өтініш жазып, құзырлы органдарға барып жүргендеріне 10 жылдан асса да, нәтиже жоқ.

Жол бойында электр желілерінің салбырап тұрғанын көзбен көрдік. Трансформаторлары істен шыққан. Пайдаланылмай жатқан учаске өте көп. Саяжайға қатынайтын шағын автобус екі сағатта бір жүреді екен.

«Бұл мәселелер алдымен әкімдікті толғандыру керек. Саяжайларды абаттандырып, пайдаланылмай жатқан жерлерді көкөніс өсіргісі келетіндерге беріп, күзет орнатып, жолдарды жөндеп, көшелерді жарықтандыруы қажет. Бұл саяжай аймағы кімге тиесілі екені де түсініксіз. Ауылдық округке барсақ қалаға қарайды, қалаға барсақ ауылдық округке қарайды деп бізді әбден доп секілді тепкіге салды!»-деп ашынған саяжай иелерінің бірі Павел Фоноков облыс орталығындағылардың еш шешім қабылдамай отырғанына өкпелі.

Олар Көкшетау қаласының әкімі бекіткен 5 жылға арналған өңірді дамытудың бас жоспарында саяжайларды абаттандыру туралы бөлім түгілі тармақтың да жоқтығына қынжылды.

Тағы бір ескерерлігі, аймақ апаттық жағдайда. Олай дейтініміз, бос қалған жерлерде жылдар өте өздігінен қоқыс үйінділері көбейген. Тіпті, көгалға айналған. Ал мұндай жағдай қоршаған ортаға, адам денсаулығына елеулі зиянын тигізетіні әмбеге аян.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.