«Ойыңды енді азат қыл, қалсын былай балалық»

Әрбір қоғамда жастардың өз орны бар. Жастар – қашанда арман мен үміттің, ар мен намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде ел дамуына қосар үлесі аз емес.

Елдің тарихы мен мәдениеті, дамуы мен өркендеуі, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын. Сондықтан олар әрқашан мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады.

Бүгінгі жастардың рухани-адамгершілік жағдайы бүкіл қоғамды алаңдатуы қажет. Тек жастар ғана емес, кейбір қоғам мүшелерінің рухани жұтаңдауы, құлазушылығы да байқалады. Нарықтық заманда өмірге материалистік қатынас қажет, бірақ, материалдық құндылықтар ізінде рухани-адамгершілік ұстанымдарды ұмытпауымыз қажет-ақ.

Әлеуметтік өркендеуіміз жастардың концепциялық сипатымен байланысты. Яғни, жастардың гиперактивтілігі әлеуметтік жүйенің деңгейіне, саяси өзгерістерге, демократиялық реформаларға, мәдени және рухани құндылықтарға, ұлттық салт-дәсүрлер мен мәдени құндылықтары да жастардың іс-әрекетінің заңдылығына байланысты. Сондықтан жастардың қызығушылықтарына, бейімділіктеріне, шығармашылықтарына, әлеуметтік дамуларына әрдайым жағдай жасау керек. Бұл ретте Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұлттық-рухани тәрбиенің құндылықтары мен заманауи озық жетістіктерді жас ұрпақ бойына сіңіруге, ұлт тағдырын терең ойлайтын, болашақты болжауға қабілетті тұлғаларды қалыптастыруда әрқашан демеу болады.

Кеше Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалы, партия жанынан «Демократ» жастар ұйымының тұсауын кесті. Қазіргі жаңа технологиялық тәртіп шарттарында өмір сүріп жатқан жастарға партия алаңында түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылды.

«Жастарға жөн сілтеу, кеңес беру, рухани тәрбиелеу, патриоттық рухты сіңіру жолындағы шаралар, білім-біліктерін арттыру сынды курстар мен түрлі ойындар өткізіп, бос уақыттарын тиімді пайдалансын, деген ниетпен жастар ұйымы құрылды. Оның жетекшісі болып, Президент стипендиаты Азамат Әбимолда сайланды. Болашағынан мол үміт күттіретін талапты жастарды қолдау біздің міндет. Сондықтан олар жастық шақтың күш-қайратын елімізді өркендетуге жұмсайды деп сенеміз. Өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, зор жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінулеріне тілекшіміз. Өйткені олар ел үмітін ақтайтын азаматтар болып қалыптасады», - деді ЖСДП ҚОФ төрағасы Нұрбек Дәуренбеков.

Ағартушы әрі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жастарға арнап жазған өлеңінде «Ойыңды енді азат қыл, қалсын былай балалық» деген жолдарымен жастарға табыс тілейміз.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы