Құрметті оқырман!

Сізді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Көктеммен қатар келетін Наурыз – жыл басы, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Жер көктеп, күн жылынып, айналаның бәрі жаңаратын, дүние тазаратын шақ. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Халқымыздың қыстан аман шығып, бір-бірімен саулық сұрасып, үлкен қуанышпен тойлайтын уақыт.

Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

ЖСДП өз кезегінде мемлекетіміздің дамуы үшін үнемі оң өзгерістерге бағытталған қадамдар жасауға талпынып келеді.

Партиямыздың «Әділдік! Еркіндік! Ынтымақ!» ұраны кез-келген маңызды шешім қабылдау кезде әрқашан басты бағдарымыз болсын.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рақымжанов