Сарапшылар Құрылыс заңы жобасының «шикі» тұсы көп екенін айтты

Сарапшылар Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасының әлі де шикі тұстары көп екенін, сондықтан депутаттардан оны қайта қарау үшін Үкіметке қайтарып жіберуді сұрап отыр. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның орталық аппаратында Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің жобасын сараптамалық талқылау өтті.

Оған Мәжіліс депутаттары Ажар Сағандықова мен Наурыз Сайлаубай, фракцияның және партияның аппаратының басшылары, заңгерлер қатысты. ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Рустамбековтың айтуынша, бұл Кодекс сарапшылар қауымдастығы арасында талқыланбаған, бірқатар өңірде оның тұсаукесері ғана өткізілген.

«Жоба басынан бастап Қала құрылысы (Градостроительный кодекс) кодексі ретінде ойластырылып, мұны Президент те айтқанымен, кенеттен ол жарты жолда Құрылыс кодексі (Строительный кодекс) деп атала бастады. Ол Мәжіліске осы атаумен кірді. Түсінуімізше, бұл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылысшылар қалауын ескере отырып жасаған ұсынысы бойынша енген. Құрылысшылардың лоббиі күшті, олар ұсыныс жасады, Президент әкімшілігі оны Құрылыс кодексі деп атауға келісті», ‒ деп түсіндірді ол.

Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының президенті, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Мейірбек Жаманқұлов құжатты Қала құрылысының кодексі деп аталуы тиіс екенін атап өтті, өйткені жай ғана құрылыс – дегеніміз сызбаларда көрсетілген идеялар мен есептерді орындау үшін құрылыс салушылар басшылыққа алатын техникалық стандарттар мен ережелердің жиынтығы ғана.

«Мысалы, автокөліктердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бар және бұл көліктердің жол бойында қалай жүруі керектігі туралы жеке жол қозғалысы ережелері бар. Бұл ұқсастықты біз айтып отырған Қала құрылысы мен Құрылыс кодексіне де келтіруге болады», ‒ деп атап өтті қауымдастық басшысы.

Жиынға модератор болып отырған ЖСДП фракциясы аппаратының басшысы, заңгер Біржан Есәділовтың сөзінше, Құрылыс кодексінің жобасында үш негізгі заң көрініс тапты: Сәулет, құрылыс және қала құрылысы туралы заң, содан кейін Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы және Жеке тұрғын үй құрылысы туралы заң.

«Осы үш негізгі заң біріктіріліп, қазір Құрылыс кодексінің жобасына жазылып отыр. Бұрын бізде, Қазақстанда Құрылыс кодексі болмаған. Осыған байланысты көптеген сарапшылар бұл редакциялауға қарсы және оны түбегейлі өзгерткісі келеді. Қазіргі таңда Құрылыс кодексінің жобасы Мәжілісте жатыр. Құрылыс сапасын арттыру мақсатында депутаттар бұл жобаға міндетті түрде тиісті түзетулер енгізуді қолға алады», ‒ деді.

Қазақстан құрылысшылар одағы төралқасы төрағасының орынбасары Валерий Лакисов кәсіби қоғамдастықтың ұстанымын жеткізу үшін тіпті құрылыс салушылар да төртінші жылдан бері мемлекеттік органдарға жүгініп жатқанын атап өтті.

«Заң жобасының атауындағы сөз кішкене ғана өзгерген сияқты көрінеді, бірақ ол құжатты түбегейлі өзгертті. Құрылысшыларға, әсіресе, Құрылысшылар одағының мүшелеріне бұл құжаттың қажеті жоқ. Бізде Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң бар. Ол құрылысшылар ретінде бізді толығымен қанағаттандырады, біз тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа құжатты көргіміз келген, алайда ол жоқ екеніне көз жетіп отыр. Қазіргі Кодекс қолданыстағы заңдардың ең жақсы жинағы болмай тұр», ‒ деп атап өтті одақ басшысы.

Ол бүгінде құрылыс нарығында бейберекетсіздік орын алғанын баса айтты. «Бұл көбінесе стихиялық жабайы бизнеске айналып отыр. Біз көптен бері барлық құрылысшыны қара нарықтан шығып, таза жолмен жұмыс істеуге шақырып келеміз. Бірақ заңдардың жетілмегендігі, мыңдаған нормативтік құқықтық актілердің бір-біріне қайшы келетіндігі және оның жартысы ескіргендігі – осының бәрін шенеуніктер өздеріне ыңғайлы етіп пайдаланып жүр. Яғни, бұл олар үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, жалпы қаланың кез келген бөлігін дамыту тұжырымдамасын өзгертуге мүмкіндік беретін айла-шарғы жасау құралы», ‒ деді Валерий Лакисов.

«Сараптама ұйымдары палатасы» аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың ұлттық бірлестігінің басқарма төрағасы Бірлік Ережепов әзірлеушілер Кодекс жобасында дамыған 20 елдің тәжірибесі қолданылғанын айтқанымен, қай елдер деген сұраққа жауап ала алмай отырғанын баса айтты.

«Кодекстің нақты тұжырымдамасының жоқтығынан оның жекелеген тараулары мен баптары қайталанып, бір-біріне қайшы келеді. Мәселен, сәулет және қала құрылысы саласындағы мамандарды лицензиялау, аккредиттеу, аттестациялаудың нақты жүйесі құрылмағанын бұған дейін де бірнеше рет айтқанбыз.

Бұл жағдай бұрын қалай болды, әлі сол күйінде қалып отыр. Қазір мамандарды аттестациялауды жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктердегі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, ал аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізетінін білеміз. Лицензиялауды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Жүйенің іс жүзінде жемқорлыққа айналғанын өздеріңіз де көріп отырсыздар», ‒ деп атап өтті палата басшысы.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда лицензияларды, сертификаттарды және аккредитацияларды қайта сатудың үлкен нарығы қалыптасқан. Алайда осы кодекстегі уәкілетті орган бұл мәселені шешпеді.

«Олар жаңалық ретінде мамандарды сертификаттауды, бұл жерде халықаралық тәжірибе қолданылатынын алға тартып жатыр. Бірақ біз халықаралық тәжірибе қолданылып жатқанын көріп тұрған жоқпыз. Оның үстіне, мамандарды аттестациялауды өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен ерікті мүшелікке бергісі келеді. Президент құрылыс саласын монополиясыздандыру және шағын және орта бизнесті қолдау қажет екенін үнемі айтып келеді. Оның орнына сәулет-құрылыс қызметінің жекелеген салаларын монополиялау, сараптама қызметін монополиялау, қала құрылысы сараптамасын монополиялау, мамандарды сертификаттау, аккредиттеу және аттестаттау жүйесін монополиялау жүріп жатыр», ‒ деп наразылығын білдірді Бірлік Ережепов.

Сарапшылардың айтуынша, Мәжілісте жұмыс тобының төртінші отырысы өтіп, Құрылыс кодексін баптар бойынша қарауға көшкен, дегенмен Кодекстің құрылымы әлі анық емес. «Біз жұмыстың басында Кодекстің құрылымы мен оның мазмұнын анықтау керек деп санаймыз. Ал қазір қандай нәтижеге жететінімізді де білмейміз», ‒ деді ол.

Сарапшылар қоғамдастығының өкілдері талқыланып жатқан Кодекстің мәтіні бойынша өздерінің салыстырмалы кестесін әзірлеп, депутаттарға берді. Ал олар оны заң жобасымен жұмыс жасау барысында қарастырады.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы