Су тасқынынан қандай сабақ аламыз?

Елімізде болған су тасқынына байланысты бірқатар облыста төтенше жағдай жарияланғаннан бері табиғи апаттың салдарымен күрес әлі бітпегенімен, жағдай біршама тұрақталып келеді. Ақтөбе облысы бойынша зардап шеккен азаматтардың барлығы дерлік бір реттік төлемдер алып, жаңа үйлердің құрылысы басталып кетті. Соңғы деректерге сүйенсек, облыс аумағында 762 үй мен 10 әлеуметтік нысанды су басқан. Оның ішінде Қобда, Ойыл, Темір, Әйтеке би, Мұғалжар, Ырғыз аудандары мен қала аумағындағы бірқатар шағын аудандар мен саяжай ұжымдары бар. Облыс әкімі зардап шеккен халықпен кездесуде барлық азамат көмексіз қалмайтынына сендіріп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Аталмыш оқиғалардан кейін халық көкейінде бұл жағдайдың қайталанбауы үшін қандай шаралар қолданылуы керек деген сауалдар туындауы заңды. «Апат айтып келмейді» демекші, табиғи апаттың алдын ала алмасақ та, шығындар мен тәуекелдерді азайтатын шаралар қолданылуы керек екені сөзсіз.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалы өкілдері төтенше жағдай кезінде су басқан аймақтарды бақылау жұмыстарын жүргізіп, бірнеше мәселені анықтаған болатын. Оның ішіндегі кейбір мәселелер су тасқыны орын алмаған кезде де көтерілген. Атап айтар болсақ, қала аумағындағы бау-бақша ұжымдарында тұратын халық санының жылдан жылға артып, саяжай алқаптарының ұлғаюы болашақта көптеген проблеманың туындауына әкелетіні айтылды. Сондықтан да аталған аймақтарға бақылау жұмыстары жүргізіліп, арнайы комиссияның шешімімен су басу қаупі жоғары аймақтарды белгілеу туралы ұсыныстар айтылған. Қазіргі таңда бұл шараны жүзеге асыру өте өзекті. Себебі қала аумағындағы 400-ге жуық бау-бақша ұжымдарының су басу қаупі бар аймақтарда орналасқан бау-бақшалар саны өте көп және жыл сайын суға кету тәуекелдері сақталатын болады. Сол себепті қауіпті аймақтағы үйлерді қауіпсіз аймаққа көшіру бойынша жұмыстарды қолға алу арқылы қалада су басу тәуекелдерін азайтумен қатар, коммуникациялар желісі, жол және т.с.с. мәселелерді де қатар шешуге болады.

Аудандар мен ауылдық округтерде су қоймаларының жоқтығы немесе бар болған жағдайда да ірі көлемдегі суға тосқауыл бола алмайтынына көз жеткіздік. Оған мысал ретінде былтыр суға кетіп, үш бірдей су бөгеті салынған Қобда ауданын келтіруімізге болады. Сондықтан да ірі көлемдегі су қоймаларын салып, еріген қар суын ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану механизмдерін ойластыру керек.

Сонымен қатар, облыс бойынша өзен арналарын бақылау және мониторинг жұмыстарын жүргізудің жаңа тәсілдері енгізілуі тиіс. Мұхит ортасында тұрған Жапония сынды дамыған мемлекеттердің озық тәжірибесін алып, арнайы мамандарды даярлау маңызды. Апаттың алдын алу немесе тәуекелдерді азайту үшін су деңгейін есептейтін заманауи құрылғылар, құтқарушы техникалар, арнайы киім-кешектер мен құрал-жабдықтар жаңартылуы қажет.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалы алдағы уақыттарда мәселені назардан тыс қалдырмай, жоғарыда аталған ұсыныстар бойынша арнайы мамандармен бірлесе жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалы Ж. Жетібай

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы