Талдықорған қаласының инфрақұрылымын жақсарту мәселесі талқыланды

ЖСДП Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Талдықорған қаласының инфрақұрылымын жақсарту» атты қоғамдық тыңдау өтті.

Іс-шараға Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Нұрлан Долдыбаев, Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Амир Қалиев және бас маман Фархат Бөлекбаев, Талдықорған қалалық полиция бөлімінің подполковнигі Самат Есболов және жол патрульдік полициясы Диас Наурызбаев, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әсел Сыдықова, «Respublica» партиясының бас маманы Наргиз Камбаева және «Amanat» партиясының Жетісу облыстық филиалы төрағасының орынбасары Асхат Досмұханбетов қатысты

Мақсат – партиямыздың қоғамдық қабылдауына келіп түскен қала тұрғындарының өтініштерін қарастыру.

Бірінші мәселе – Айтықов-Циолковский көшелерінің ортасынан тас жол ашуды қарастыру. Себебі шағын ауданның тұрғындарының сөзінше, көктем-күз мезгілдерінде, жауын-шашын жауған уақыттарда көлік шақыру мүмкін емес, инфрақұрылым мүлдем жоқ, балалар алаңы жасалмаған, көше жолдары ой-шұқыр. Айтықов-Циолковский көшелерінің қиылысындағы Чкалов көшесіне қарай өтетін жол ашылса, 5-ші бөлімше – Қызыл тас саяжайларына, орталыққа қатынау жолдары жақсарып, тұрғындардың мәселесі шешілер еді.

Екінші мәселе – Абай көшесінде орналасқан теміржол өткеліндегі қозғалысты жеңілдету үшін Абылай хан және Медеу көшелерінің арасындағы темір жол өткелін ашуды қарастыру. Медеу көшесі арқылы Абылайхан көшесіне тура шығатын жерге тағы бір теміржол үстінен өткел жасауға мүмкіндік қарастырылса екен деп отыр жұрт. Себебі қаламыз күннен күнге көркейіп, адам саны да артып, жаңадан шағын аудандар пайда болып, сәйкесінше көлік қатынасы күн санап көбеюде. Егер темір жол өткелі ашылса, Абай және Сланов көшелеріндегі таңертеңгі және кешкі кептеліс азайып, қаланың Самал, Жастар, Мүшелтой, Болашақ шағын аудандары мен облыстық аурухана, көпсалалы емхана, Қаратал және Новостройка шағын аудандары және де Қарабұлақ ауылына баратын жолдар қысқаратын еді.

Жиналыстың қорытындысы бойынша қатысушы тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, келесідей ортақ ұсынымдар әзірленді.

1-ші мәселе бойынша Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жоспарын қарастырып, өзгерістер енгізу ұсынылды.

Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі А.Қалиевтың айтуынша, 2-ші мәселе 2017 жылы Талдықорған қаласының қала құрылысы жөніндегі бас жоспарына енгізілген, алайда бүгінгі күнге жүзеге аспай қалып, жоспарды қайта қарастыру керек екенін айтып өтті.

Жиынға қатысушылар көтерілген мәселердің өзекті екенін ескеріп, жиын хаттамасын Талдықорған қаласының әкіміне және тиісті бөлімдердің қарауына жолдау ұсынылды.

ЖСДП Жетісу облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы