Ақтаудағы тұрғындардың мәселесі шешілетін болды

Өткен айда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы 35 шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, шағымдарын тыңдап қайтқан болатын. Сонда айтылған мәселелерге қатысты жақында «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінен жауап келді.

Мәселен, 35 шағын ауданының тұрғындары мұнда жаз мезгілінде ыстық су тапшы болғанын және түнгі уақытта су тіпті келмей қалатынын айтқан. Сонымен қатар жаяу жүргінші жолдары да салынбаған, ауа райының қолайсыз уақыттарында (жаңбыр, қар жауған жағдайда) көшемен жүру мүмкін емес. Жол мен жарықтың жоқтығы түнгі уақытта серуендеуге шығуға қиындық туғызады.

Осыған дейін аудан халқы қала әкімдігі мен филиалымызға ауыз су тапшылығы, жол салынбағандығы және жарық орнатылмағаны жөнінде шағымданған еді. Күн тәртібінде 11 мәселе қаралған.

Соған байланысты жақында «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ЖСДП-ның Маңғыстау облыстық филиалына жауап берді. Аталған мекеменің хабарлауынша, Ақтау қаласындағы 35 шағын ауданын су, кәріз, жылу, автокөлік және жаяу жүргінші жолы мәселесін реттеу үшін қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 2021 жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындалған екен. Ал 2022 жылдың желтоқсан айында мердігер мекеме «Альянс ЛТД» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап, 250 метрлік кәріз құбыры жүргізілген. Алайда қалада жылу жетіспейтіндігіне байланысты блокты-модульді жылу қазандығын салу қажет болып отыр.

«Осыған орай, жылу трассасын өзгерту қажеттілігіне әрі басқа да желілерді жүргізу үшін жер учаскелерінің (коридор) тапшы болуына байланысты жобаға тузетулер енгізіліп жатыр. Жоспар бойынша тузету жұмыстары биыл қазан айында аяқталуы тиіс. Түзетілген жобаға оң сараптамалық қорытынды берілген жағдайда, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын бастауға дайын екенін қаперіңізге саламыз.

Жарық мәселесіне келсек, шағын ауданды электр желісімен қамтамасыз етуге бағытталған кұрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда жұмысты қабылдау актісін тиісті органдарға тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тіркеу жұмыстары аяқталғаннан кейін нысан пайдаланушы мекеменің теңгеріміне өтіп, шағын ауданды жарықтандыру іске қосылатындығын хабарлаймыз», ‒ деп жауап берді «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

ЖСДП Маңғыстау облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
29.01.2025
Депутаттық сауал, Қазақстан Республикасының Премьер-министрдің орынбасары Дүйсенова Тамара Босымбекқызына жолдаймыз
15.01.2025
Депутатксий запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А.
18.12.2024
Депутатский запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А., министру экологии и природных ресурсов РК Нысанбаеву Е. Н.
27.11.2024
Депутатский запрос премьер-министру РК, КНБ, АРРФР, НБ, МЦРИАП, МВД
06.11.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновке
23.10.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Министру здравоохранения Министру труда и социальной защиты населения РК
16.10.2024
Депутатский запрос первому вице-премьер-министру Республики Казахстан Роману Васильевичу Скляру.
16.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярға депутаттық сауал
09.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне депутаттық сауал