Ақтөбеде «ЖСДП Кубогі» облыстық пікірсайыс турнирі өтті

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалы 12 мамыр күні «ЖСДП кубогі» атты облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. Сайысқа қатысуға 40-қа жуық команда тіркеуге өтініш беріп, турнир 60-қа жуық жастарды қамтыды. Қатысушылар арасында студенттер, қоғам белсенділері, облысымыздағы түрлі пікірсайыс орталықтарының спикерлері, «Ақтөбе ферроқорытпа зауытының» жастар комитетінің мүшелері, мектеп және колледж мұғалімдері, банк қызметкерлері және тағы басқа сала өкілдері қатысты.

Пікірсайыс турнирі облыс және республика көлеміндегі өзекті мәселелерді қозғайтын 7 түрлі қарар бойынша өтті. Атап айтар болсақ, қатысушылар ЖСДП бағдарламасына енгізілуі қажет ұсыныстар, Социал-демократ идеясының ең тиімді тұстары, бау-бақша ұжымдарындағы коммуникациялық мәселелер, ауыл тұрғындарының заңсыз алынған шартты жер үлестерін қайтару, жасанды интеллект саласын дамыту, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және таланты жастарды қолдаудың мемлекеттік емес қолдау жүйелерін жетілдіру сынды тақырыптар бойынша көзқарасымен бөлісіп, тың идеялар ұсынды.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалы көтеріп жүрген мәселелерінің бірі – бау-бақша ұжымдарындағы коммуникациялық және ИЖС сұрақтары, осы бойынша дебат турнирінде бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі айтылып, оларды қауіпсіз аймақтарға бөлу ұсынылды. Қауіпсіз аймақтарда орналасқан үйлерге ИЖС мәртебесін беріп, коммуникациялық желілерін жаңарту арқылы қала аумағындағы бау-бақша санын азайтып, тозығы жеткен электр, газ және жарық желілерін жаңартуға болады. Биыл суға кеткен қауіпті аймақта тұратын тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру арқылы су басу қаупі бар аймақта орналасқан халық санын және болашақта су басу тәуекелдерінің көрсеткішін азайтуға мүмкіндік бары талқыланды.

Сонымен қатар, ЖСДП бағдарламасының жастарды қолдау пунктін кеңейту бойынша партияның имидждік бағдарламасын жоспарлау ұсынылды.

Сайыста 2-орын иегері атанған пікірсайысшы Асхат Есенов ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалына облысымыздағы жастарға, оның ішінде пікірсайысшыларға көңіл бөліп, осындай сайыс ұйымдастырғанына алғысын айтып жеткізді: «Біз бұл турнирге қатысу арқылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бағдарламасымен таныстық және менің ойымша, келесі туринрлерде осы партияның бағдарламасы мен жұмысына одан да тереңірек үңіліп, партия қызметіне және оны насихаттауға атсалысамыз деген ойдамын», ‒ деді.

Сайыс соңында 3-ші орынды иеленген фракция – 20,000 тг, 2-ші орын алғандар – 50,000 тг, сайыс жеңімпазы – 80,000 тг көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, ЛД форматы бойынша жеңімпаз атанған «Үздік спикер» 30,000 тг, «Үздік төреші» және «Әлеуметтік желідегі белсенділік» номинацияларының жеңімпаздарына да 10,000 тг қаржылай сыйлық табысталды.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалы қызметкерлері мен төрағасы пікірсайыс турнирі барысында айтылған барлық идея мен ұсыныстарды қарастырып, алдағы уақытта филиал жұмыстары мен жоспарларына енгізуді жоспарлап отыр.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалы Ж. Жетібай

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы