ЖСДП депутаттарының табандылығы арқасында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі тендерсіз мүмкіндіктердің саны қысқарды

ҚР Парламенті Мәжілісінің қабырғасында ЖСДП фракциясы сенімгерлік басқару және мемлекеттік мүлікті басқарудағы орын алатын сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары мемлекеттік мүлікті тендер өткізбей-ақ сенімгерлік басқаруға берген уақытта орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай жағдайда төмендетуге қол жеткізілгенін атап өтуге болады. Бұған дейін (18.03.2024) фракция депутаттары Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолданып, онда Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқарудың үлгілік шартын қайта қарауды ұсынған болатын.

Ұсынымдар келесі принциптерге негізделген:

  1. мемлекеттік объектілерді сенімгерлік басқаруға беру кезінде жеке монополистердің пайда болуына тосқайыл жасауға;
  2. мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты жою үшін мемлекеттік объектілерді сенімгерлік басқаруға беру;
  3. нақты экономикалық қайтарымға дамуға ие болу үшін мемлекеттік объектілерді сенімгерлік басқаруға беру;
  4. тендерлердің ашықтығы қағидаттарын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу қағидаттарын сақтау;

Өз кезегінде Премер-Министр Олжас Бектенов ЖСДП депутаттарының сөзіне құлақ асып, Үкіметке партия ұсынған шараларды ағымдағы жылдың екінші тоқсанының соңына дейін жүзеге асыруды тапсырған болатын.

«Бірақ, өкінішке орай, біз әлі де бұл түзетулерді көре алмай отырмыз. Ал премьер-министрдің тапсырмасы орындалмағандықтан, мәселені қайтадан талқылау үшін дөңгелек үстелді өткізуге мәжбүрміз», - деді 11 қазанда өткен жиында ЖСДП депутаты Ажар Сағандықова.

Алайда, Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтің сөзінен ережені өзгерту туралы шешім қабылданғаны белгілі болды. Бір қызығы бұл жөнінде ЖСДП фракциясының депутаттарына айтылмаған. Жаңа ережелер қазірдің өзінде келісіліп, жақын арада жарияланатыны айтылды.

«Мәселе біз үшін де өте маңызды. Шындығында, біздің мақсатымыз ортақ. Біріншіден, тиімділікті қамтамасыз ету. Екіншіден, процедураның ашық, транспарентті болуын және мемлекет мүддесіне нұқсан келтірмейтінін қамтамасыз ету. Біз мұнымен толықтай келісеміз. Нысандарды тендер өткізбей-ақ сенімгерлік басқаруға беру мәселесін қайта қарай келе 18 мүмкіндіктер бар екенін анықтадық. Сіздердердің көрсетулеріңізді нақтылай отырып, мұндай жағдайлардың санын 11-ге дейін қысқарттық. Бүгінгі таңда Әділет министрлігімен мақұлданды, сәйкесінше бұл ережелер қазан айының соңына дейін жарияланып, күшіне енеді деп күтеміз», - деді Арман Қасенов.

Вице-министр ережеде қалған 11 ерекшелік объективті екенін айтты. Дегенмен, қажет болған жағдайда осы 11 тетікті де талқылауға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта конкурстық комиссияның құрамын міндетті түрде өкілетті органдардың, жергілікті қоғамдастықтардың және басқа да ұйымдардың өкілдерін тарту арқылы кеңейту жөніндегі ережелерге түзетулер енгізілуде.

«Сену мен сенімгерлікке беру кезінде болатын жабық тендер енді болмайды. Бұл мәселе тағы да қаралады. Менің ойымша сіздер көтеріп отырған барлық дерлік мәселе мен біздің ұстанымымыз бір мүддеде тоғысып отыр. Сіздермен тағы да ақылдасып шешетін дүние болса және сіздердің тараптан өзге де ұсынымдар болса біз ол шаруамен де бірлесе айналысуға дайынбыз», – деп сендірді вице-министр.

Дөңгелек үстел отырысы барысында Міндетті медициналық сақтандыру қоры мен жекелеген жылу электр стансаларына қатысты да сын айтылды. ЖСДП облыстық филиалдарының өкілдері мамандарға де өз сауалдарын қойды.

Айта кететіні дөңгелек үстелге партия мүшелері, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Президент Әкімшілігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласы өкілдері арнайы қатысты. «Біздің партияның сан түрлі өзекті ұсыныстары бар. Отырыс барысын пайдаланып мемлекеттік меншікті дұрыс бөлу және басқару ісін оң нәтижеге шешу барлығымыздың мүддеміз. Сондықтан алда тағы да осындай халық үшін маңызды дүниелерді бірге талқылап, бір мүддеде тоғысамыз деген ойдамыз. Ендеше шараға қатысып, өтімді пікір білдіргендеріңізге рақмет», - деп түйіндеді сөзін Ажар Сағандықова.

ЖСДП баспасөз қызметі