ЖСДП депутаты Н.Әуесбавтың ҚР Премьер-Министріне жолдаған сауалы

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Менің депутаттық сауалым Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғаудың проблемалық мәселелеріне қатысы.

Биыл Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толады. 40 жыл ішінде онда 468 ядролық сынақ өтті. Барлық жарылыстардың қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2500 есе көп болған еді. Яғни, аймаққа орны толмас экологиялық залал келтірілді. Біздің алдымызда әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселелер қалуда.

Өкінішке орай, біздің еліміздің аумағында тұратын полигон қызметінің нәтижесінен зардап шеккендердің саны туралы нақты деректер әлі жоқ. Әр түрлі ақпараттар бойынша 1,5 миллионнан астам адам зардап шеккен. Полигонға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары әлі де радиациядан туындаған аурулардан зардап шегуде, сәулеленудің салдары олардың ұрпақтарына әсер етуде.

Қазақстан заңнамасына сәйкес зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төленеді, оның мөлшері аймаққа байланысты жеке айқындалады және 1949-1965 жылдар аралығындағы кезеңдері тұрған әрбір жылы үшін ең көбісі 18 мың теңгені (5,23 АЕК) құрайды. Сондай-ақ радиациялық тәуекел аумақтарында тұратын халықтың қосымша еңбекақыға және жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа құқығы бар. Бұл ретте, аталған жеңілдіктер тек Семей өңірінде ғана қолданылады.

Мысалы, Жапонияда ядролық бомбалардан зардап шеккендерге ай сайын Атом радиациясымен байланысты ауруларды емдеу үшін арнайы медициналық төлем, денсаулықты бақылау үшін төлем, денсаулықты сақтау үшін төлем, медбикені жалдау үшін күтім төлемі және т.б. сияқты төлемдер төленеді. Олардың мөлшері 1000 доллардан асады. Бұған дейін Үкімет 2017-2019 жылдар аралығында полигон қызметі нәтижесінен зардап шеккен халықты және олардың ұрпақтарын медициналық-әлеуметтік қорғау қағидатын іске асыру үшін зерттеулер жүргізілгенін және осы зерттеудің нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, шаралар қабылданатынын хабарлаған болатын. Алайда, бұл зерттеудің нәтижелері ұсыныс деңгейінде қалды. Бұл зерттеуге бюджеттен сәйкес қаражат жұмсалғанын атап өткім келеді.

Сондай-ақ, 2021 жылы әзірленген тәсілдерді талқылау және нақты ұсыныстар енгізу үшін мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылатыны, және де алынған сәулелену дозасына байланысты азаматтарға атаулы әлеуметтік қолдау көрсетуге көшуді дәйекті іске асыру жөніндегі тәсілдер әзірленеті хабарланды.

Жоғарыда атап өткендей, біз тағы да жұмыс нәтижелерін көрмей отырмыз. Баяндалғанның негізінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының фракциясы:

  • әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу;
  • ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды персоналды есепке алуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
  • ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың санаттарын айқындау өлшемшарттарын қайта қарау мәселесін қарастыру;
  • ведомствоаралық жұмыс тобының жұмыс нәтижелерін ұсыну;
  • радиациялық ластанған аумақтарды оңалту жөнінде шаралар қабылдау. Заңнамада белгіленген тәртіппен жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, Жалпыұлттық социал- демократиялық партиясы фракциясының депутаттары

Н. Әуесбаев

А. Рақымжанов

А. Сағандықова

Н. Сайлаубай

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы