ЖСДП мониторингінің арқасында әкімдікке ірі көлемде айыппұл салынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның мүшелері мүмкіндігі шектеулі ауыл тұрғындарының құқығын қорғап Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық округінің әкімдігіне барған. Артынша әкімдікке ірі көлемде айыппұл салынды.

«Ауыл» жобасы бойынша ай сайынғы ауылдарға жасалатын іссапарлар аясында 2024 жылдың 12 қыркүйегінде партия филиалы Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ақжарқын ауылдық округіне барады.

Бақылаушылар бірден әдет бойынша ауылдық әкімдікке келсе, жұмыс күні болса да әкімдіктен тірі жанды таппай қалған. Дәлірек айтқанда түскі 12:25 -те ауыл әкімдігінде не әкім не күзетші болмай шығады. Бір қызығы барлық есіктер ашық, компютерлер қосулы тұрған. Елімізде кез келген ең шағын ауылдардың өзінде әкімді қосқанда 4 не 5 адам болуы керек еді. Осылайша партия өкілдері сыртқа қайта шығып ауыл маңынан әкімдік қызметкерлерін іздей бастайды. ЖСДП тарапынан арнайы жіберілген хат та бар. Тіпті хатпен танысқандығы туралы өкілдердің қолында құжат та бар тұғын. Жағдайдың былай боларын білмеген ЖСДП мүшелері абдырап қалған.

Өкілдердің анықтауы барысында бұл ауылдан тағы да бірнеше заң бұзушылық анықталған. Мекемеге келуші мүмкіндігі шектеулі жандарға еш жағдай жасалмаған екен. Тіпті әкімдік пен ауылдың фельдшерлік-акушерлік пункті бір ғимаратты бөліп отырғаны да белгілі болды. Ауыл дәрігерлері әкімдіктің бірінші қабатында сырқаттарды қабылдаса үстіңгі қабатта әкімдік орналасып алған. Ал ең қызығы әкімдікке бару үшін көтерілер баспалдақпен сырқат адам түгілі сау адамның өзі әрең өрмелеп шығатын көрінеді. Пандус пен лифт мәселесін айтпаяқ қоялық.
Бұл фактілер бойынша материал жинап, әлеуметтік желілерде де жарияланып, халықты және әлеуметтік осал топтарды қорғау саласы бойынша уәкілетті органға жолданған болатын.

Арада аз күн өткен соң хатқа ресіми түрде жауап келді. Нақтырақ айтқанда 2024 жылдың 1 қазанында: «Сіздердің өтініштеріңізде көрсетілген фактілерді растау мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитеті» РММ,-деп көрсетілген екен.

Хатта, «Ақжарқын ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі No 224-VII ЗРК Әлеуметтік кодексінің талаптарын бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасының 3.06-101-2012 «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдай туғызу туралы заң ережелерін ескеріп, «Ақжарқын ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды. Жұмыс біздің тұрақты бақылауымызда болады. Сондай-ақ, «Ақжарқын ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ӘҚБтК-нің 83-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады уәкілетті орган. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасынің 83-бабына сәйкес мүгедектердің құқықтары бұзылған жағдайда (400 ЕАК) төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айып салыну көзделгін.

Партия филиалы өз құзыреті мен партиялық жұмысы аясында қимыл-қозғалысы аз азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік және басқа да мекемелердің жұмысын бақылауды жалғастыруда.

ЖСДП ОҚОФ баспасөз қызметі, А.Павлов

Смотрите также:
Депутатские запросы