Тұрғын үй саласына байланысты өзгерістерді талқылап, толықтырулар ұсынған форумды ЖСДП Астанада өткізіп, өзекті мәселелерді саралады.
Астанада тұрғын үй қорын басқару мен саладағы ретсіздікті жолға қою мәселелеріне арналған республикалық форумды Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Астана филиалы ұйымдастырды.
Форум 15 қыркүйектен бастап басымдыққа ие болып отырған «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген түзетулердің кейбір тұстарын талқылауға арналды. Шынын айтқанда қабылданып отырған заңдағы өзгерістер қоғамда үлкен тартыс туғызуда. Сондықтан ЖСДП жиынға меншік иелерінің бірлестігі (МИБ), пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) пен тұрғын үйді басқарушы компаниялардың өкілдері мен сарапшыларды жинады. Форумға қатысқандар қатарында, ҚР Парламенті Мәжіләсінің депутаттары ЖСДП фракциясының мүшелері және Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Алматы сында қалалардан келген өкілдер де болды.
Форумда айтылғандай, өзгерістер мен түзетулер әрбір азаматтың және пәтер иелерінің мүддесіне тікелей әсер етіп отыр десек артық емес. Атап айтқанда, заңда «Бір үй – бір есепшот» қағидасы заңмен бекітілді.
Заң не дейді?
- Меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) жинақтары мен ағымдағы есепшоттары міндетті болып енгізілді;
- Құрылыс компанияларының инженерлік желілерді коммуналдық меншікке өткізуі заңмен міндеттелді;
- Құрлыс салушы компанияның кепілдік мерзімі ұзартылып, жауапкершілігі күшейтілді;
- Әкімдіктердің тұрғын үйлерді техникалық тексеруі енді міндетті талапқа айналды;
- Меншік иелерінің бірлестігі (МИБ)-(ОСИ) төрағалары жыл сайын тұрғындар алдында есеп беруге міндеттеледі. Сарапшылардың айтуынша, түзетулердің басты мақсаты – жүйенің ашықтығын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Алайда заңның тиімді орындалуы тұрғындардың белсенділігіне байланысты болмақ.
Ескі үйлерде еселі мәселе көп
Форумда көтерілген басты мәселе – тұрғын үй қорының тозуы. Мысалы, Астанадағы тұрғын үйлердің шамамен 40%-ы күрделі жөндеуді қажет етеді, ал инженерлік желілердің 60%-дан астамы ескірген. Бұл тек Астана ғана емес жалпы еліміздегі ахуалдық жағдайды меңзейтін көрсеткіш. Тозығы жеткен үйлердің толып жатқан мәселесін шешуге келгенде Меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) төрағаларының кейбіреуі ел алдында сенімсіз тұлғаға айналған. Бір қызығы, сенімсіз деп танылған тұлға кей жағдайда заң алдындада, тұрғындар алдында да жауапкершілікті сезінбей өзінің заңсыз әрекетін жалғастыра беретін көрінеді. Тұрғындар осындай төрағалардың жұмысын шектеп, шынайы, заңға бағынатын азаматпен жұпыс істегілері керектігін айтып отыр.
Біз алалмыш форумға бірнеше мемлекеттік орындардың өкілдерімен меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) төрағаларын және пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) өкілдері мен мемлекеттік органдар өкілдерін шақырдық. Шын мәнінде бұл үлкен алаң болып отыр. Себебі форумда түрлі мәселелер ашық талқыланып, келеңсіздіктер шынайы түрде айтылуда. Мемлекеттік құзырлы орындар назар аударады деп есептейміз,-деді ұйымдастырушы ЖСДП Астаналық филиалының төрағасы Талғат Омаров.
Құзырлы орындар келмеді
Өкініштісі сол, арнайы шақырылған әкімшілік өкілдері мен министрліктің мамандарынан тек ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй құрылысын дамыту басқармасының басшы Қызғалдақ Медетова қатысып жиналғандардың сауалдарына жауап берді.
«Бұл мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Біз халықтың ұсыныстарын қарастыруға дайынбыз және ашық диалогқа әрқашан ашықпыз», – деді ол.
Ал партия төрағасы Асхат Рахимжанов «Бұл форум – ашық әңгімеге арналған алаң. Біз халықтың ұсыныстары Парламентте қаралып, нақты шешімге айналуына күш саламыз. Жаңа заң талаптарының тиімді орындалуы – басты міндетіміз», – дейді.
Ұсыныс беру үлкен іс
Біз форумға қатыса отырып өзімізде ғана емес өзгелердің басындағы мәселелермен танысып жатырмыз. Бұл өте үлкен пікір бөлісу алаңы болды. Дейді Алматы қаласынан келген «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы Ұлттық палатасының» президенті Талғат Муханбетқалиев.
Ол форумға өзінің және палата өкілдерінің бірнеше ұсынысын ала келіп, жиналғандар алдында оқып берді.
Бірінші: Заңнамаларды, концептуалды жетілдірулер қажет. Атап айтқанда техникалық қабат деген не, жертөле деген не дегенді бөлек-бөлек анықтауды талап етіледі. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың 31-бабына толықтырулар енгізу қажет, онда жертөлені немесе техникалық кешенді және олардың құрамдас бөліктерін сатуға тыйым салынатыны, мұндай мәмілелердің заңсыз екені анық көрсету қажет.
Екінші: Әрбір тұрғын үй иесі мүлікті тіркеп, құжаттарды алғаннан кейін ортақ мүліктегі және жер учаскесіндегі үлестің есебін қосымша алуға міндетті болуы керек,-дейді. Шын мәнінде меншік иелері өзі тұрып жатқан пәтердің барлық жағдайын айқын білуі қажет.
Үшінші: Мемлекет өзіне тиесілі деген желеумен ортақ мүліктен алып қойып оны келесі біреуге жалға бергені үшін ақы алады. Ортақ мүлікке қол сұғу азаматтардың, тұрғындардың құқығын таптау деген сөз. Ортақ мүліктің нақты тізімімен бірге дұрыс жүргізілуі қажет,-деген бірнеше ұсыныс жасады.
Одан бөлек жиналғандар тұрғын үй бірлестіктері басшыларын сайлауға байланысты заңды талаптардың болуын да мәселе етіп көтерді.
«ЖСДП ға үлкен алғыс айтамыз. Себебі мұндай көлемді жиынды ешбір өкілетті орган өткізген жоқ. Білуімше бірінші рет өтіп отыр. Мәселе көп. Меншік иелері мен тұрғын үй құрылымдарында кейбір төрағалар ойына келгенін істеп отыр. Мысалы өзім тұратын тұрғынүйде төраға меншік иесі де емес. Өзі қаланың басқа ауданында тұрады ал біздің тұрғын үй кешенінде меншік иелерінің бірлестігі МИБ төрағасы. Заң жарғысында туысқаны төраға болуға мүмкіндігі бар,-деп көрсетілген. Бұл өте қате таңбалау. Жарғыны өзгерту керек. Және заңға төраға болуға құқылы тек тұрғын үйде тұрушы тұлға болуы керек,-деп көрсету аса қажет. Бұл тек біздің басымыздағы емес көп тұрғын үй кешенінің басында бар мәселе»,-деді қоғамдық белсенді Жолымбетова Қымбат.
Шындығына келгенде шешімін табуы тиіс мәселе көп. Мемлекет тұрғын үй қорын бір іздендіріп, қалыпты жұмыс жасауы үшін ең алдымен жоғарыда айтылған мәселелерді заң жүзінде не жергілікті әкімдік деңгейінде реттеу маңызды. Халықтың ұсыныстарына құлақ асып, меншік иелерінің бірлестігі (МИБ), пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) пен тұрғын үйді басқарушы компаниялардың өкілдері мен сарапшылардың пікірімен санасуы маңызды болмақ.
ЖСДП баспасөз қызметі