БҚО-дағы Шоқтыбай ауылы тұрғындарының өтініштері назарға алынды

2026 жылғы қарашада «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» (ЖСДП) Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері жергілікті тұрғындардың өтініштері негізінде Шоқтыбай ауылының проблемалық нысандары мен тіршілікті қамтамасыз ету жағдайымен танысу үшін барды.

Іс-шараның мақсаты – ауыл тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді зерделеу, инфрақұрылым нысандарының нақты жағдайына баға беру және жауапты мемлекеттік органдардың назарын аударуды әрі нақты шаралар қабылдауды талап ететін мәселелерді анықтау. Жұмыс барысында партия өкілдері тұрғындар көрсеткен нысандарды аралап, үш-төрт түрлі мәселе бойынша толық жұмыс жүргізу керектігін нақтылады.

Балалардың қауіпсіздігі мен жол машақаты

Сағиданова А. есімді ауыл тұрғыны балалар ойын алаңының сын көтермейтінін айтты. Оның сөзінше ойын құрылғылары қираған. “Ойын алаңдары балалардың өміріне қауіпті. Мысалы; ойын құрылғылары сынып оның металл бөлшектері сыртқа шығып кеткен. Темір бөлшектер адам өміріне қауіпті. Балаларымыз аулада ойнаса қорқып отырамыз”,-дейді ол.

Ал Шунаева А есімді тұрғын ауылдағы көше жолдарының тым ескіргенін айтты.

“Жол әлі күнге дейін Кеңес Одағы кезеңінен бері пайдаланылып келе жатқан топырақ жол күйінде қалып отыр. Жауын-шашыннан кейін жолдың беткі қабаты езіліп, көлік қозғалысын қиындатады. Бұған дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан жолға қиыршықтас-топырақ қоспасын (ШГС) төсеу жұмыстары жүргізілетіні туралы уәде берілген. Алайда басталған жұмыстар кейін қаржыландырудың болмауына байланысты үнемі тоқтатап қала береді”,-деп ашынды.

Ауыл тұрғындары жолды уақытша жөндеумен шектелмей, асфальт төсеп сапалы жол жабынының нұсқаларын қарастыру қажет екенін айтып отыр. Сапалы ауызсу мәселесі Тұрғындар ауылда үйлерге берілетін судың техникалық мақсатқа арналғанын, ішуге және тамақ дайындауға жарамсыз екенін айтты. Осыған байланысты ауыл тұрғындары ауызсуды өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болып отырған көрінеді. Бұл отбасылық бюджетке қосымша қаржылық салмақ түсіретіні де шындық. Одан бөлек қаладан ауылға қоныс аудару бағдарламасы аясында көшіп келген жас және көпбалалы отбасыларға түсетін қаржылық жүктеме мәселесі де сөз болды. Отбасыларға тұрғын үй берілгенімен, оны пайдаланғаны үшін ақы төлеу қажет екені белгілі болған. Балалары бар отбасылар үшін мұндай шығындар едәуір қаржылық ауыртпалық туғызып, қоныс аудару бағдарламасының тиісті деңгейде орындалмай отырғанын айтуда тұрғындар. Зерделеу қорытындысы бойынша ЖСДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы төмендегі шараларды қабылдау қажет деп санайды:

  • Шоқтыбай ауылында заманауи әрі қауіпсіз балалар ойын алаңын салу мәселесін қарастыру;
  • ауылға кіреберіс жолдың жағдайына тексеру жүргізіп, қажетті жұмыстардың көлемін, қаржыландыру көздерін және орындалу мерзімдерін айқындау. Жол жабынының сапасына қатысты тұрғындардың пікірін ескеру;
  • тұрғын үйлерге берілетін судың сапасына тексеру жүргізіп, оның санитарлық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну және халықты қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру;
  • ауылдық жерге қоныс аударған жас және көпбалалы отбасыларға тұрғын үй беру шарттарын зерделеп, төлем мөлшерін қайта қарау, жеңілдіктер мен қосымша қолдау шараларын енгізу мүмкіндігін қарастыру;
  • жауапты мемлекеттік органдар тарапынан қабылданған шаралар, қаржыландыру көздері және аталған мәселелерді шешудің нақты мерзімдері туралы ресми ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету.

Жағдайға байланысты ЖСДП БҚОФ төмендегіні ұсынатындықтарын жеткізді. ұстанымы Ауылдық аумақтардың дамуын іске асырылған бағдарламалар мен берілген уәделердің санымен емес, адамдардың күнделікті өміріндегі нақты өзгерістермен бағалау қажет. Балалардың қауіпсіздігі, сапалы ауызсу, қолжетімді жолдар және жас отбасылар үшін лайықты тұрғын үй жағдайы – азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан қамтамасыз етілуі тиіс негізгі қажеттіліктер. ЖСДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы көтерілген мәселелердің қаралуына, нақты шешімдер қабылдануына және олардың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізілуіне қол жеткізу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады. Ауыл тұрғындарының мәселелері жылдар бойы жауапсыз қалмауы тиіс.

Динара Абенова, БҚОФ ЖСДП баспасөз қызметі