Депутаттық сауал: Құрылыс сапасын кім бақылап отыр?

Депутаттық сауал ҚР Премьер-министрдің орынбасары Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа жолданады.

Біздің елде азаматтар жеке баспанаға қол жеткізгеннен кейін құрылыс сапасына байланысты түрлі мәселелерге жиі тап болады. Көпшілік пәтерді ипотекалық бағдарлама арқылы сатып алып, оның ақысын жылдар бойы төлейді. Алайда кілтін алып, қоныстанғаннан кейін-ақ кемшіліктер анықтала бастайды. Кейде қоныс тойы өтпей жатып құбырлардан су кетіп, қабырғалар жарылып, қыс мезгілінде пәтер тоңазиды, тіпті қасбеттері құлайтын жағдайлар кездеседі. Нәтижесінде тұрғындар инженерлік желілерден бастап құрылыс сапасына дейінгі сан алуан мәселемен бетпе-бет қалады. Осы жерде қарапайым сұрақ туындайтыны анық:
Үй салынып жатқан кезде мемлекеттік бақылау қайда болды және қайда қарады? Бүгінде мемлекет құрылыс саласын реформалап жатыр. Оны баршамыз білеміз. 1 шілдеден бастап, жаңа Құрылыс кодексі қолданысқа енгізілді. Ол бақылауды күшейтуді, цифрлық мониторингті және құрылыс процесіне қатысушылардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бірақ біз үшін заңда қанша бақылау тетігі жазылғаны ғана емес, олардың іс жүзінде қаншалықты жұмыс істейтіні маңызды. Тағы бір принципті мәселе бар. Бүгінде өңірлік деңгейдегі мемлекеттік құрылысты жүргізу мен бақылау, жергілікті атқарушы органдар жүйесінде жүзеге асырылады. Сонымен бірге дәл осы органдар аумақтарды дамытуға, қала құрылысы саясатына, құрылыс және тұрғын үй жобаларын іске асыруға жауап береді. Біз әкімдік қызметкерлердің заң бұзушылықтарға бейжай қарайды деген пкірден аулақпыз. Біз бақылаушы органда болатын не ықтимал мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін деген ойға қалып отырмыз. Сондықтан осы жағдайға да мүмкіндік бермейтін жүйе құрылуы тиіс дегенді айтамыз. Құрылыс саласына объективті бағалау жүргізу қажет деп санаймыз: қолданыстағы жүйе заң бұзушылықтардың алдын алуға, қаншалықты мүмкіндік береді, құрылысты бақылауы қаншалықты тәуелсізболып отыр. Және неге кейбір елеулі проблемалар адамдар пәтерлерін алғаннан кейін ғана анықталады? Бізге нақты жауаптар қажет: құрылысты жүргізу кезінде қанша заң бұзушылыққа жол берілді? Нысанды пайдалануға берілгеннен кейін қаншасы анықталады? Бақылауды кім жүзеге асырады, кім жауап береді және неге осынша олқылықтар ертерек анықталмады? Егер осы талдау нәтижесінде қолданыстағы жүйенің жеткілікті деңгейде тәуелсіз әрі тиімді еместігі анық болса, Құрылтай қажетті заңнамалық өзгерістерді қатаң түрде қарауға тиіс.

Біздің ұстанымымыз қарапайым: Азаматтарымыз өздерінің баспанасының сапасын пәтерді сатып алғаннан кейін барып анықтамауы қажет. Адал ақшасына пәтер сатып алған, кез келген тұлға соңғы бақылаушы болмауға тиіс. Мемлекет проблемалардың адамдар қоныстанғаннан кейін емес, жобалау және құрылысты жүргізу кезеңінде анықталып, оның жойылуын қамтамасыз етуге тиіс. Депутаттық сауалдың толық мәтінінде Үкіметке жолданған нақты сұрақтар мен мемлекеттік құрылысты бақылауды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған.

Депутаттық сауал ЖСДП фракциясының депутаттары атынан!