г. Астана
1.Әбдіманап Жұмаділдаев, 56 жаста
Сегіз жыл бойы еліміздің ірі жобаларының экологиялық талаптарға сәйкестігін тексерді. Енді қаланың экологиялық қауіпсіздігін тексермек.
Қоршаған ортаны қорғау бағытына маманданған инженер-құрылысшы. 1997-2005 жылдар аралығында Республикалық маңызы бар жобалар мен жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының мемлекеттік экологиялық сараптамасымен айналысты. Содан кейін он жыл бойы Астана қаласында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобаларды жүзеге асырды. Одан кейінгі бес жылда жеке бизнесін жүргізді. Экология министрлігі оны Қазақстанның «Үздік экологы» және «Үздік экологиялық сарапшысы» деп таныды. 2026 жылдың 14 қыркүйегінен бастап ЖСДП (Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы) Астана қалалық филиалын басқарады. Үйленген, үш баласы бар.
«Мен өмір бойы түрлі жобалардың жерге, суға және ауаға қалай әсер ететінін тексеріп келдім. Мәслихатта қабылданатын шешімдердің қала экологиясына және халықтың денсаулығына қалай әсер ететінін тексеретін боламын».
Абдиманап Джумадилдаев, 56 лет
Восемь лет проверял крупные проекты страны на экологичность. Теперь хочет проверить на экологичность город.
Инженер-строитель с упором на защиту окружающей среды. С 1997 по 2005 год занимался государственной экологической экспертизой проектов Республиканского значения и контрактов на недропользование. Потом в течение десяти лет реализовывал проекты по охране окружающей среды в городе Астане. После в течение пяти лет вёл собственный бизнес. Министерство экологии признало его «Лучшим экологом» и «Лучшим экологическим экспертом» Казахстана. С 14 сентября 2026 года возглавляет Столичный филиал партии ОСДП. Женат, трое детей.
«Я всю жизнь проверял, как проекты влияют на землю, воду и воздух. В Маслихате буду проверять, как решения влияют на экологию города и здоровье населения».
2. Иван Лавриненко, 52 жаста
Қоқыстың қайда кететінін және қала көшелерінің тазалығының артында не тұрғанын жақсы біледі. Он жыл бойы «Астана-Тазарту» кәсіпорнын басқарды.
2012-2022 жылдар аралығында «Астана-Тазарту» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. Бүгінде «Zero Waste» (Қалдықсыз мәдениет) жобасына жетекшілік етеді. Еңбек жолын банк саласы мен теміржолдан бастаған. Кейінірек Павлодар облысында коммуналдық шаруашылық, шағын бизнесті дамыту және қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларына жетекшілік етті. Ерен еңбегі үшін мерейтойлық медальдармен, елорда әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Үйленген, төрт баланың әкесі.
«Қаладағы өмір сапасы қарапайым нәрселерден басталады: қоқыстың уақытылы шығарылуы, аулалардың тазалығы және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы. Мен бұл жұмыстың ішкі құрылымын бес саусақтай білемін, сондықтан оған жауапты тұлғалардан талап ететін сұрақтарым да жетерлік».
Иван Лавриненко, 52 года
Знает, куда уходит ваш мусор и что стоит за чистотой городских улиц. Десять лет возглавлял «Астана-Тазарту».
С 2012 по 2022 год занимал должность генерального директора «Астана-Тазарту». Сегодня руководит проектом «Zero Waste». Его профессиональный путь начался в банковской сфере и на железной дороге. Позже в Павлодарской области курировал коммунальное хозяйство, развитие малого бизнеса и природоохранные программы. Награждён памятными медалями и отмечен благодарностями акима столицы. Женат, отец четверых детей.
«Качество жизни в городе начинается с простых вещей: вовремя вывезенного мусора, чистых дворов и разумного расходования денег. Я знаю, как устроена эта работа изнутри, и мне есть что спросить с тех, кто за неё отвечает».
3. Анель Ертаева, 22 жаста
Командадағы ең жас үміткер. Мәселені тиісті орындарға жеткізе білетін кәсіби журналист.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың журналистика магистрі. Партияның Астана қалалық филиалының жастар қанатын басқарады, SMM бағытын жүргізеді және қала тынысы — ТҮКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы), қалалық орта мен қоғамдық бастамалар туралы журналистік материалдар дайындайды. Бейнероликтер түсіріп, қала тұрғындарының өтініштерімен жұмыс істейді.
«Біздің буын үнсіз қалмайды. Егер сіздің аулаңызда қандай да бір мәселе туындаса, мен оны таспаға түсіріп, жұртшылыққа көрсетемін және мәслихат отырысына дейін жеткіземін».
Анель Ертаева, 22 года
Самая молодая в команде. Журналист, который умеет показать проблему так, чтобы её услышали.
Магистр журналистики ЕНУ им. Гумилёва. Руководит молодёжным крылом Столичного филиала, ведёт SMM и готовит журналистские материалы о жизни города: ЖКХ, городская среда, общественные инициативы. Снимает видео и работает с обращениями горожан.
«Моё поколение не молчит. Если у вас во дворе проблема, я сниму её, покажу и дойду с ней до заседания маслихата».
4.Шыңғысхан Дүйсенбек, 28 жас
Мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасы және үй мәселелерінің ішкі жағдайын жақсы біледі.
2025 жылдың қазан айынан бастап «Республика блок Д» тұрғын үй кешенінің Мүлік иелері бірлестігін (МИБ) басқарады. Прага қаласында халықаралық бизнес бағыты бойынша білім алған, сақтандыру саласында жұмыс істеген. Бүгінде Астана қаласында коммерциялық директор және SINOMA GBM компаниясында аудармашы қызметін атқарады. Үйленген, қыз өсіріп отыр.
«Өзім де МИБ төрағасы болғандықтан, лифт, тариф немесе мердігерге қатысты мәселелердің қаншалықты ұзақ шешілетінін іштей жақсы білемін. Мен әрбір үй өз өтінішіне айлап жауап күтіп сарылып отырмауын қалаймын».
Шыңғысхан Дүйсенбек, 28 лет
Является председателем ОСИ и знает, как выглядят проблемы дома изнутри.
С октября 2025 года возглавляет ОСИ жилого комплекса «Республика блок Д». Учился международному бизнесу в Праге, работал в страховании, сегодня коммерческий директор в Астане и переводчик в компании SINOMA GBM. Женат, растит дочь.
«Я сам являюсь председателем ОСИ и знаю, как долго решается вопрос с лифтом, тарифом или подрядчиком. Хочу, чтобы дом не ждал ответа месяцами».
5.Бастар Арын, 48 жаста
Жиырма жыл бойы әскери бөлімшеден бастап дәріханалар желісіне дейінгі түрлі ұжымдарды басқарып келе жатқан заңгер әрі экономист.
Астана қаласындағы «Іңкәр» фармацевтикалық компаниясы филиалының директоры. Атқаратын жұмысы лицензиялау, тендерлер, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда мәселелерін қамтиды. Оған дейін Ақтөбедегі филиалды басқарды, банкте басқарма бастығы болды, әскери ұйымда басшылық лауазымда қызмет етті. Үйленген, екі баласы бар.
«Мен адамдар үшін және нақты нәтиже үшін жауап беруге дағдыланғанмын. Мәслихатта да биліктен дәл осыны талап ететін боламын».
Бастар Арын, 48 лет
Юрист и экономист, который двадцать лет руководит людьми: от воинского подразделения до аптечной сети.
Директор филиала фармацевтической компании «Инкар» в Астане. Работа включает лицензирование, тендеры и оптовые и розничные продажи. До этого руководил филиалом в Актобе, был начальником управления в банке, служил на руководящей должности в военной организации. Женат, двое детей.
«Я привык отвечать за людей и за результат. В маслихате буду требовать от власти того же».
Мангыстауская область
6.Сакен Мынбаев, 38 жаста
2006 жылдан бастап мұнай кәсіпорнында еңбек етіп келеді, сонымен қатар облыс деңгейінде саяси тәжірибе жинақтаған.
ЖСДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, 2018 жылдан бастап партия мүшесі. Еңбек жолын «Тұлпар Мұнай Сервис» (бүгінде «Қаражанбасмұнай») кәсіпорнында шебер болып бастаған, мұнай-газ саласы бойынша білім алып, менеджмент магистрі дәрежесін иеленді. 2011-2017 жылдар аралығында «Жас Отан», «Мәңгілік Ел» стратегиясы және «Жасыл Ел» жобалары аясында жастар саясаты мектебінен өтті.
«Мен Маңғыстауда өстім, осы өңірдің кәсіпорнында жұмыс істеймін және аймақта қандай мәселе бар екенін нақты көріп жүрмін. «Мен аймақ тағдырына қатысты шешімдерді облыс жағдайын қағаз жүзіндегі есептерден емес, өмірдің өзінен көріп білген адамдар қабылдағанын қалаймын».
Сакен Мынбаев, 38 лет
С 2006 года работает на нефтяном предприятии и параллельно строил политическую карьеру в области.
Председатель Мангистауского областного филиала ОСДП, член партии с 2018 года. Начинал мастером в «Тулпар Мунай Сервис» (сегодня «Каражанбасмунай»), получил нефтегазовое образование и магистерскую степень по менеджменту. В 2011–2017 годах прошёл школу молодёжной политики: «Жас Отан», стратегия «Мәңгілік Ел», «Жасыл Ел».
«Я вырос в Мангистау, работаю на здешнем предприятии и вижу, чего регион ждёт. Хочу, чтобы решения принимали те, кто знает область не по отчётам».
7.Әділет Әбішаев, 31 жаста Еңбек жолын қарапайым монтажшыдан бастап, бүгінде ірі IT-компанияны басқарып отыр. Пандемияның ең қиын кезеңінде туған ауылының емханасын дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етті. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың физика ғылымдарының магистрі, Санкт-Петербург қаласында кәсіби тағылымдамадан өткен. 2018 жылдан бері бейнебақылау, күзет-өрт қауіпсіздігі жүйелері мен IT-қызметтер нарығындағы HelpNow.kz кәсіпорнына жетекшілік етеді. 2021 жылы ауылдардың әлеуметтік дамуына қосқан айрықша үлесі үшін бес ауыл әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Үйленген, үш бала өсіріп отыр.
«Ауыл халқы дәрі-дәрмекке зәру болған сын сағатта мен қарап отырмадым, бірден нақты әрекетке көштім. Мәслихатта да дәл осы ұстаныммен жұмыс істеймін:аз сөйлеп, көп іс тыңдырамын!».
Әділет Әбішаев, 31 год
Начинал монтажником, сегодня владеет IT-компанией. В пандемию обеспечивал лекарствами поликлинику родного села.
Магистр физических наук ЕНУ, стажировался в Санкт-Петербурге. С 2018 года руководит HelpNow.kz: видеонаблюдение, охранные и пожарные системы, IT-услуги. В 2021 году получил благодарственные письма от акимов пяти сёл за помощь в социальном развитии. Женат, трое детей.
«Когда в селе нужны были лекарства, я не ждал. Так же буду действовать в маслихате: меньше слов, больше дела для людей».
8.Кенжегали Махамбетов, 37 жаста
Мамандығы бойынша құрылысшы, логист болып жұмыс істейді. Бизнесін нөлден бастап құрған және бес бала тәрбиелеп отыр.
Сәулет-құрылыс академиясының түлегі. 2010 жылдан бастап құрылыс саласында жұмыс істеді, кейіннен ауыр жүк көлігі логистикасы бағытында өз ісін ашты. «ESE» ЖШС директоры. Үйленген, бес баласы бар.
«Мен қарапайым құрылыс алаңынан жеке бизнеске дейінгі жолдан өттім. Шағын бизнестің қалай жұмыс істейтінін және бұл жолда қаншама кедергілер мен ұсақ-түйек мәселелер кездесетінін іштей жақсы білемін. Мен жергілікті жерлерде кәсіпкерлердің жұмысы бұдан да жеңіл әрі кедергісіз болғанын қалаймын».
Кенжегали Махамбетов, 37 лет
Строитель по образованию, логист по делу. Построил бизнес с нуля и воспитывает пятерых детей.
Выпускник архитектурно-строительной академии. С 2010 года работал в строительстве, затем открыл своё дело: логистика на большегрузном транспорте. Директор ТОО «ESE». Женат, пятеро детей.
«Я прошёл путь от стройки до своего дела. Знаю, как работает малый бизнес и сколько мелочей на пути. Хочу, чтобы предпринимателям на местах было проще».
9.Күнсұлу Сыдықова, 34 жаста
Күндіз дәрігер, кешке тележүргізуші. Халықпен денсаулық мәселесін қабылдау бөлмесінде де, тікелей эфирде де талқылайды.
Ақтау қаласының емханаларында терапевт әрі педиатр, «Маңғыстау-Ақтау» телеарнасындағы «1 Байлық» бағдарламасының жүргізушісі. Қарағанды медициналық университетінің түлегі, Семей және Ақтау қалаларында жұмыс істеген. Марапаттары: Ақтау қаласы әкімінің Алғыс хаты (2022), облыс әкімінің Құрмет грамотасы (2023), «Үздік дәрігер» төсбелгісі (2025).
«Мен күнделікті тұрғындарды не мазалайтынын нақты естіп жүрмін: ұзын-сонар кезек, медициналық көмектің қолжетімділігі және балалар денсаулығы. Бұл маңызды мәселелер жай ғана айтылып қоймай, нақты шешімдер қабылданатын жерде талқылануы тиіс».
Кунсулу Сыдыкова, 34 года
Врач днём, телеведущая вечером. Общается с людьми о здоровье и в кабинете, и в эфире.
Терапевт и педиатр в актауских поликлиниках, ведущая программы «1 Байлық» на телеканале «Мангистау-Актау». Выпускница Карагандинского медицинского университета, работала в Семее и Актау. Награды: благодарность акима Актау (2022), почётная грамота акима области (2023), нагрудный знак «Лучший врач» (2025).
«Я каждый день слышу, что беспокоит людей: очереди, доступность помощи, здоровье детей. Эти темы должны звучать там, где принимаются решения».
10.Сабыр Сейтов, 37 жаста
Алты баланың әкесі, үш мамандықтың иесі және бір мұнай кәсіпорнында тапжылмай он төрт жыл еңбек еткен маман.
Аудармашы, инженер және қаржы менеджері мамандықтары бойынша білім алған. 2012 жылдан бері «Тұлпар Мұнай Сервис» пен «Қаражанбасмұнай» кәсіпорындарында қойма меңгерушісінен бастап, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі аға инженерге дейінгі еңбек жолынан өтті. Бүгінде азаматтық қорғаныс жөніндегі жетекші маман. Үйленген, алты бала өсіріп отыр.
«Мен алты баланың әкесімін және қарапайым отбасына не керек екенін дәл білемін: іргедегі мектеп, қауіпсіздік және билікпен ашық әрі шынайы диалог».
Сабир Сейтов, 37 лет
Шестеро детей, три специальности и четырнадцать лет на одном нефтяном предприятии.
Учился на переводчика, инженера и финансового менеджера. С 2012 года работает в «Тулпар Мунай Сервис» и «Каражанбасмунай»: от заведующего складом до старшего инженера по охране труда и технике безопасности, сегодня ведущий специалист по гражданской обороне. Женат, шестеро детей.
«Я отец шестерых детей и точно знаю, что нужно семье: школа рядом, безопасность и честный разговор с властью».
11.Сакен Шамов, 38 жаста
Инфрақұрылымдық жобалар мониторингінен бастап аймақтағы ірі кәсіпорында ұжымды басқаруға дейінгі үлкен тәжірибе иесі. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлегі. «Ақтау теңіз порты» АЭЗ-де (арнайы экономикалық аймақ) инвесторлармен жұмыс істеді, персоналды басқару департаментін басқарды. Бүгінде «МАЭК» кәсіпорны бас директорының әлеуметтік және корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары.
«Ауқымды жобалардың барлығы алдымен адамнан және инфрақұрылымнан басталады. Мен аймақтың дамуын тек құрғақ есептерден ғана емес, әрбір ауыл мен елді мекеннің тұрғындары іс жүзінде сезінгенін қалаймын».
Сакен Шамов, 38 лет
От мониторинга инфраструктурных проектов до управления людьми на крупном предприятии региона.
Выпускник специальности «Государственное местное управление». Работал с инвесторами в СЭЗ «Морпорт Актау», руководил департаментом управления персоналом, сегодня заместитель генерального директора МАЭК по социальным и корпоративным вопросам.
«Большие проекты начинаются с людей и инфраструктуры. Хочу, чтобы развитие региона чувствовали в каждом посёлке, а не только в отчётах».
12.Саламат Утемуратов, 52 жаста
Мәслихат депутаты қызметін атқарған тәжірибелі басшы, жеті баланың әкесі және ширек ғасырлық еңбек өтілі бар кәсіпкер.
Мамандығы бойынша мұнайшы. 2001 жылдан бері жеке кәсіпкерлік салада үздіксіз еңбек етіп келеді, Қарақия аудандық мәслихатының IV шақырылымының депутаты болған. Үйленген, жеті бала өсіріп, тәрбиелеп отыр.
«Мен бұған дейін де депутат болып халыққа қызмет еттім, сондықтан мәслихат жұмысының ішкі тетіктерін бес саусақтай білемін. Ендігі мақсатым — жұмысты бұдан да нақты әрі нәтижелі деңгейге көтеру: қағазбастылық пен құрғақ ресмилікті азайтып, ауданды дамыту үшін нақты іске көшу!».
Саламат Утемуратов, 52 года
Уже был депутатом маслихата, отец семерых детей и предприниматель с двадцатипятилетним стажем.
Нефтяник по образованию. С 2001 года работает как индивидуальный предприниматель, был депутатом IV созыва Каракиянского районного маслихата. Женат, семеро детей.
«Я уже работал депутатом и знаю, как устроен маслихат. Теперь хочу работать ещё предметнее: меньше формальностей, больше результата для района».
Область Жетісу
13.Жасұлан Мукаманов, 48 жаста
Әскери музыкант, Су-27 авиамеханигі және физика пәнінің мұғалімі — бәрі бір өмірбаянға тоғысқан.
Әскери бөлімде оркестрдің аға нұсқаушы-музыканты және Су-27 жойғыш ұшағының қозғалтқыш механигі болып қызмет еткен. Жетісу университетінің түлегі, физика және математика пәнінің мұғалімі. Кәсіпкерлік салада және ЖШС мен үкіметтік емес ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ЖСДП Жетісу облыстық филиалын басқарады.
«Мен әскери қызметте де болдым, ұстаздық та еттім, бизнес те құрдым. Барлық жерде алтын ереже бір-ақ: айтылған сөз іспен ұштасуы керек. Мәслихатқа да осы ұстаныммен бара жатырмын».
Жасулан Мукаманов, 48 лет
Военный музыкант, авиамеханик Су-27 и учитель физики в одной биографии.
Служил в военной части: старший инструктор-музыкант оркестра и механик самолётного двигателя истребителя Су-27. Выпускник Жетысуского университета, учитель физики и математики. Работал в предпринимательстве и на руководящих должностях в ТОО и НПО, сейчас возглавляет филиал ОСДП области Жетісу.
«Я служил, преподавал и строил бизнес. Везде одно правило: слово должно совпадать с делом. С этим принципом и иду в маслихат».
14.Гүлдана Төлепберген, 28 жаста
Отбасылардың мәселесін мектеп жанашыры ретінде көре білетін әлеуметтік педагог. «Үздік жас саясаткер» байқауының жеңімпазы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. Талдықорған қаласындағы мектеп-лицейде әлеуметтік педагог болып жұмыс істейді, өзін-өзі тану пәнінен сабақ берген, кәсіптік бағдар беруші мамандығы бойынша оқудан өткен. 2026 жылы І дәрежелі «Үздік жас саясаткер» дипломымен және «Жастар саясатының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«Мен күнделікті тұрмыс тауқыметін тартқан отбасылардың мектеп табалдырығын қандай мәселемен аттайтынын көріп жүрмін. Бұл тағдырларды тек мұғалімдер ғана емес, депутаттар да естісе екен деймін».
Гүлдана Төлепберген, 28 лет
Социальный педагог, которая видит проблемы семей глазами школы. Победитель конкурса «Лучший молодой политик».
Выпускница КазНУ им. Аль-Фараби. Работает социальным педагогом в школе-лицее Талдыкоргана, преподавала самопознание, прошла обучение на профориентолога. В 2026 году получила диплом I степени «Лучший молодой политик» и нагрудный знак «Отличник молодёжной политики».
«Я каждый день вижу, с чем приходят семьи в школу. Хочу, чтобы эти истории слышали депутаты, а не только педагоги».
Северо-Казахстанская область
15.Александр Павлов, 36 жаста
«Дорожный контроль» ұйымына жетекшілік етеді және қай жерде қандай шұңқыр барын жақсы біледі.
ЖСДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, «Дорожный контроль» қоғамдық бірлестігінің басшысы және дәл осы аттас порталдың бас редакторы. Жол жөндеу, абаттандыру, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді. Менеджмент магистрі, қазіргі уақытта заңгер мамандығы бойынша білім алуда.
«Біз «Дорожный контроль» ұйымында жылдар бойы жолдардағы шұңқырларды, нашар жарықтандыруды және қауіпті өткелдерді тіркеп келеміз. Мәслихатта бұл өтініштерге құрғақ уәде мен сылтау емес, нақты жауап қайтарылуы тиіс».
Александр Павлов, 36 лет
Руководит «Дорожным контролем» и знает, где у вас яма.
Председатель СКО филиала ОСДП, глава общественного объединения «Дорожный контроль» и главный редактор одноимённого портала. Ведёт приём граждан по вопросам ремонта дорог, благоустройства, безопасности пешеходов и энергоснабжения. Магистр менеджмента, сейчас учится на юриста.
«Мы в «Дорожном контроле» годами фиксируем ямы, плохое освещение и опасные переходы. В маслихате эти обращения должны получать ответы, а не отписки».
16.Жарас Жағыпаров, 50 жаста
Агроном әрі заңгер. Ішкі істер органдарында 21 жыл қызмет етіп, кейін ата кәсіпке — жер шаруашылығына қайта оралған. 1998-2019 жылдар аралығында ішкі істер органдарында қызмет атқарды. 2019 жылдан бастап «AltunJerAgro» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры. Білімі: ғалым-агроном және заңгер. Агроөнеркәсіптік кешен және ауылды дамыту мәселелерімен айналысады.
«Мен жиырма бір жыл бойы заңның үстемдігі үшін қызмет еттім, ал қазір қара жердің берекесін еселеп жүрмін. Ауылға не керек екенін жақсы білемін: оған техника, су, түсінікті ережелер және адал еңбекке деген құрмет қажет».
Жарас Жагпаров, 50 лет
Агроном и юрист, 21 год прослужил в МВД, а потом вернулся к земле.
С 1998 по 2019 год работал в органах внутренних дел. С 2019 года директор сельскохозяйственного предприятия «AltunJerAgro». Образование: учёный агроном и юрист. Занимается вопросами АПК и развития села.
«Я двадцать один год служил закону и теперь работаю на земле. Знаю, что нужно селу: техника, вода, понятные правила и уважение к труду».