Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – табиғатпен бірге адамзаттың да жаңарып, жүректерге үміт пен сенім ұялататын ерекше мереке. Бұл күн – татулық пен бірліктің, ізгілік пен мейірімнің, әділдік пен жаңарудың символы. Ғасырлардан жалғасқан осы ұлық мейрам халқымыздың рухани құндылықтарын жаңғыртып, ел ішіндегі ынтымақ пен өзара құрметті нығайтып келе жатқаны анық.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия үшін Наурыз – тек көктемнің келуі ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы әділеттілік, теңдік және әр азаматтың лайықты өмір сүруіне деген ұмтылыстың көрінісі. Біз барша қазақстандықтардың болашағының жарқын болуы үшін алға қарай қадам басамыз.
Ендеше осынау ерекше мерекеде әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық мәңгі болсын. Әрбір отбасында қуаныш пен шаттықтың оты алаулай берсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі тілекпен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы