Жетісулық аграршылар жастарды шақырады

Жетісу — табиғаты бай, топырағы құнарлы, халқы еңбекқор өлке. Бұл өңір ежелден Қазақстанның ауыл шаруашылығында маңызды орын алып келеді. Соңғы жылдары аграрлық салада елеулі өзгерістер орын алып, еңбек пен инновация өзара тоғысып, жаңа даму кезеңіне аяқ басты.

Бірақ…

Фермердің үні естілетін уақыт келді

«Жетісу – Қазақстанның астығы мол аймағы» деген атау тек тарихи емес, қазіргі уақыттың да шындығы. Алайда кез келген жетістік артында тынымсыз еңбек пен күнделікті мәселелер тұрады. Аграрлық саланың өкілдері су тапшылығы, тыңайтқыш бағасының қымбаттауы, техникаға қолжетімділік сынды нақты қиындықтармен бетпе-бет келуде.

Осыған байланысты жақында Панфилов ауданында фермерлермен ашық алаң форматында кездесу өтті. Іс-шарада аграрийлер өз ойларын, ұсыныстарын, сын-ескертпелерін ашық білдіріп, билік пен қоғам арасындағы шынайы диалог орнады. 2025 жылғы 16 қазанда Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында ЖСДП (Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы) өкілдері жеке шаруа қожалықтарының иелерімен кездесті. Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

WhatsApp Image 2025-10-17 at 11.16.29 (1).jpeg

Кездесу барысында жергілікті дихандар күнделікті бетпе-бет келіп отырған бірқатар өткір мәселелерді көтерді. Шаруа қожалығы иесі Тұрсын Сопиевтің айтуынша, маусымдық жүгері тазалау жұмыстарына жастардың қызығушылығы төмен. Нәтижесінде, уақытша болса да тұрақты жұмыс күшін табу жылдан-жылға қиынға соғуда.

"Жұмыс бар, бірақ жұмыс істегісі келетін адам аз. Мысалы, жүгері тазарту құны бір тракторға 12 000 теңге шамасында. Бірақ бұл жұмысқа жастар келмейді. Уақытша жұмыс деп менсінбейді", – дейді Тұрсын Сопиев. Мемлекеттік қолдаудың тоқтауы – зиянкестердің көбеюіне жол ашты

Кездесуде көтерілген келесі маңызды мәселе – ауыл шаруашылығы алқаптарындағы зиянкестердің шектен тыс көбеюі. Соңғы үш жылда мемлекет тарапынан егістік алқаптарды химиялық өңдеуге арналған дәрі-дәрмектер бөлінбей қалған. Бұған дейін жыл сайын 1500–2000 гектар жерге дейін инсектицидтер мен гербицидтер тегін немесе субсидия есебінен жеткізіліп отырған.

Бүгінде шаруа қожалықтары зиянкестерге қарсы препараттарды өз қаржысына сатып алуға мәжбүр. Дәрі шашу үшін дрон немесе дельтаплан қызметіне жүгінуге тура келеді. Алайда бұл қызмет түрінің құны – бір гектарға шамамен 12 000 теңге – көптеген шағын шаруашылықтар үшін аса ауыр жүк.

"Зиянкестермен тиімді күрес жүргізу үшін дәрі бір уақытта барлық алқаптарға бірдей шашылуы керек. Ал қаражат жетіспеген жағдайда бұл мүмкін болмай қалады. Мұндай жағдайда зиянкестермен күресте бірліктің болмауы жалпы өнімге әсер етеді", – дейді ауыл тұрғындары.

Су тапшылығы – егін шаруашылығының басты қатері

Ауыл диқандары атап өткен тағы бір маңызды мәселе – су тапшылығы. Климаттық өзгерістер мен инфрақұрылымның тозуы салдарынан кейбір алқаптарға қажетті су көлемі жетпейді. Бұл өнім көлемінің төмендеуіне, ал шығын көлемінің артуына әкеліп отыр.

Атамекен ауылында өткен бұл кездесу – жай ғана шағымдарды жинау емес, елдегі ауыл шаруашылығы саясатына нақты ұсыныстар беру алаңы болды. Жергілікті диқандардың сөзіне құлақ асып, мәселені жерінде шешуге ұмтылу – ауыл мен ел болашағы үшін маңызды қадам. ЖСДП өкілдері тұрғындар көтерген мәселелерді назарға алып, оларды тиісті деңгейде көтеруге уәде етті. Ауыл шаруашылығына бағытталған мемлекеттік қолдаудың қайта қаралуы – елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен аграрлық тұрақтылықтың кепілі болмақ.

«Бұл көтерілген мәселелердің барлығы біздің партиямыздың бақылауында болады. Ауыл еңбеккерлерінің мұң-мұқтажы ескерусіз қалмауы тиіс. Бұл түйткілдерді жергілікті және орталық деңгейде көтеріп, шешуге тырысамыз», – деді Жетісу облыстық ЖСДП филиалының төрағасы Жасұлан Мукаманов.

Жаңа мүмкіндіктер мен айқын бағыт

Ауыл шаруашылығын дамыту тек ауылдың ғана емес, бүкіл елдің экономикалық тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Жетісу облысында агросаланы қолдау мақсатында субсидиялау, жеңілдетілген несие беру, логистика мен экспортты дамыту бойынша нақты бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Болашақ — инновация мен еңбекке негізделген. Жетісу аграрийлері бұл бағытта көш басында тұр. Ендігі мақсат — осы серпінді сақтап қалу, жаңа буын фермерлерін қолдау, ғылым мен өндірісті ұштастыра отырып, ауылды жаңа деңгейге көтеру.

Қорытындылай келе, Жетісу — жай ғана ауыл шаруашылығы дамыған аймақ емес, бұл — еңбек пен инновацияның тоғысқан нүктесі. Мұндағы әрбір еңбек адамы — елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алғы шептегі тұлға.

ЖСДП Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі