11 наурызда сағат 11:00-де Астанада «ЛРТ – жемқорлық ескерткіші» тақырыбында рұқсат етілген митинг өткізіледі.

11 наурызда сағат 11:00-де Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) ұйымдастыруымен «ЛРТ – жемқорлық ескерткіші» тақырыбында рұқсат етілген митинг өткізіледі. Өтетін орны: «Астаналық цирк» МКҚК алдындағы алаң – Қабанбай батыр, 5. Осы мәселе бойынша өз ұстанымын білдіргісі келетін барлық қазақстандықтарды митингке шақырамыз. Айта кететін бір жайт, әкімдіктен митинг өткізуге рұқсат берілген қаулы алынды: аталмыш іс-шараға қатыса отырып, өз пікіріңізді еркін білдіре аласыз.

Смотрите также: