ОСК ЖСДП атынан Мәжіліс депутаттығына 19 кандидатты тіркеді.
Бүгін, 13 ақпанда, Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың куәліктерін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өкілдеріне тапсырды.
ЖСДП-ның партиялық тізімі 19 адамнан тұрады, оның алтауы, яғни кандидаттардың жалпы санының 31,6%-ы – әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар. Белгіленген квота сақталған.
ЖСДП Баспасөз қызметі