Ауланы су басса аяқ басар жер болмайды

Шымкент қаласы Қабанбай батыр көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары жауын-шашын кезінде үй ауласы суға толып, салдарынан жұрт аулаға шыға алмай қалатынын айтып шағымданды. Бұдан бөлек, көпқабатты үйдің іргесіндегі арықтың арнасы бітеліп қалғанын айтады. Жаңбырлы күндері арнадан асқан су, маңайға түгел жайылып жұрттың берекелері кетеді екен. Тіпті оқушылар мектепке жете алмай қалған кездер болған.

Осы мәселе бойынша тұрғындар арыз-шағымдарын арқалап ЖСДП Шымкент қаласы филиалына хабарласқан. ЖСДП Шымкент қаласы филиалының өкілдері дереу Әл-Фараби аудандық әкімдігімен байланыс орнатып, мамандармен бірге тұрғындармен кездесуге барды.

Қаланың Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Жамаев Берік тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, аталмыш мәселені бақылауға алатынын жеткізді. Ал осы Қабанбай көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындарының өтінішіне құлақ асқан партия мүшелері мәселені өз назарларына ұстайтын болады.

ЖСДП Шымкент қалалық филиалы

Смотрите также: