Ауыл шаруашылығы тауарларын субсидиялау мәселесін қалай шешуге болады?

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысының орынбасары Дулат Сердалимен кездесу өткізіп, өңірдегі өндірушілердің ауыл шаруашылығы тауарларын субсидиялау мәселелерін талқылады.

ЖСДП Ақмола облыстық филиалының өкілдері бұған дейін «Gosagro.kz» платформасын зерделелеген. Кездесу барысында «Gosagro.kz» платформасында 2023 жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 29,9 мыңнан астам өтінім қабылданғаны туралы, бұл өтінімдер қалай өңделеді және әрбір өтінім қалай қарастырылатынын мамандардан сұрап талқыладық.

Негізгі проблемалардың бірі – бір өтінімге бірнеше шот-фактураны, сондай-ақ, субсидиялау нысандарының бірнеше атауын бекіту мүмкіндігінің болмауы. Бұрын «Qoldau.kz» платформасында мұндай мүмкіндік болды, бірақ қазіргі жаңа жүйеде бұл функция жоқ.

Сонымен қатар, ГАЖ (Геоақпарат жүйесі – субсидиялау процестерін орындау және субсидия алуға өтінімдерді тіркеу, сондай-ақ, өтінімнің субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты тексеру арқылы оны өңдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасының кіші жүйесі) бұрынғы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен интеграцияланбайды, соның салдарынан қайтадан өтінім берген азаматтарға қайталанатын өтінімдер үшін ақы төлеу тәуекелі туындайды. Пестицидтер мен тыңайтқыштарды субсидиялауға өтініш беру кезінде қиындықтар бар, өйткені өтінімдер бір кадастрлық өріс нөміріне жеке-жеке беріледі. Бұл фермерлер үшін процесті қиындатады.

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы тауарларын субсидиялау мәселесін шешу үшін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына келесі толықтырулар мен өзгерістерді енгізуге ұсыныстары: ‒ пестицидтер мен тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға мемлекеттік қызмет көрсетуді аудандық жергілікті атқарушы органдарға беру мүмкіндігі; ‒ қызмет көрсету мерзімін 16 жұмыс күніне дейін ұлғайту (қазіргі уақытта 1 ай); ‒ күніне 100 өтінімнен аспайтын шектеулер енгізу.

ЖСДП Ақмола облыстық филиалы

Смотрите также: