Баспасөз хабарламасы
17 ақпанда сағат 10:00-де Астана қаласында (Думан қонақ үйі, Қорғалжын тас жолы, 2А, 2 қабат) «Ауыл көркейсе, ел өркендейді» атты ауыл тұрғындарының I форумы өтеді.
Оған орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктерінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысады.
Форум барысында мына мәселелер талқыланады:
- жарнашылардың, яғни пайшылардың мәселесі (серіктестіктер құрамынан шығу, жарғылық жарналарды бағалау, серіктестіктердің шарттар бойынша міндеттемелерді орындауы);
- жайылымдық жерлердің тапшылығы;
- елді-мекендердің айналасындағы қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі;
- МӘМС пен медициналық қызметтердің қолжетімділігі, ауылдағы кадр тапшылығы (педагогтер, дәрігерлер және басқа да мамандар);
- ауыз су мен жолдың сапасы мәселелері.
Форумға облыс әкімдері мен ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, әділет, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, ҚР Ұлттық банкінің өкілдері шақырылды.
Аккредиттеуден өтуге арналған телефон: +7 700 226 90 00 (What’s App)
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының баспасөз қызметі