Қазақстан халқы бірлігі күні!

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын!

Әрқашан халқымыздың ынтымағы мен ауызбіршілігі нығайып, мемлекетіміздегі ұлтаралық татулық пен бірлігіміз берік болсын.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру үшін бәріміз бөлінбей, бірге күш жұмылдырайық!

Мемлекетіміз молшылыққа, ал әр шаңырақ бақыт пен шатыққа кенеле берсін!

ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов

Смотрите также: