Бүгін Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рахымжанов аймақтарға сапары аясында Жезқазған қаласындағы мүгедектігі бар жандармен кездесті.

Депутатпен кездесуде «Қазақмыс» АҚ қызметкерлері денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу мәселесіне көңілдері толмайтынын жеткізді.

Олардың айтуынша, 2015 жылы ҚР Азаматтық кодексінің 944-бабының 1-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Оған сәйкес өндірісте жарақат алған немесе ауруға шалдыққан жұмысшылар зейнеткерлік жасқа жеткенде жұмыс берушіден регрессиялық төлемдерді алуды автоматты түрде тоқтатады.

Сол жылы Кодекстен 938-баптың 6-тармағы толығымен алынып тасталды, оған сәйкес жалақының өсуіне қарай жұмыс беруші сол кәсіптегі мүгедектерге регрессиялық төлемдерді қайта есептеуге міндетті.

Регрессивті жұмысшылар мен зейнеткерлер Мәжіліс депутатынан өз мәселелерін Парламент деңгейінде шешуге көмектесуін сұрады, өйткені кезінде жоғарыда аталған түзетулерді Парламент қабылдаған болатын. Асхат Рахымжанов бұл мәселені партияның заң қызметі бөліміндегі мамандармен талқылайтынын, оны өзі жеке бақылауына алатынын атап өтті.

Смотрите также: