Бірыңғай оператордың құрылғаны электр энергиясы тарифіне әсер етпей ме?

Биыл 1 шілдеде елімізде электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделі енгізілген болатын. Бұл дегеніміз енді электр энергиясын сату, сатып алумен жаңадан құрылған бірыңғай сатып алушы оператор айналыспақ. Ол халық тоққа төлейтін тарифті қаншалықты реттей алады? Делдалдық қызметті атқаратын оператордың құрылуы тұрғындарға қаншалықты тиімді? Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ЖСДП-дан депутат Нұрлан Әуесбаев осы мәселені қозғады.

Оның айтуынша, бұл жаңа модель бойынша көтерме сауда нарығының субъектілері бұдан былай электр энергиясын оны шығарушылардан емес, Бірыңғай сатып алушыдан (Единый закупщик) сатып алмақ. Бұл позицияға «ЖЭК (жаңартылған энергия көздерін) қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) белгіленіп отыр.  

– Енді кепілдік беретін жеткізушілерден өзге барлық көтерме саудагер Бірыңғай сатып алушыға күнделікті алдын ала төлем төлемек. Ал тұтынушылар алдын ала төленген қызмет үшін ақы төлемейтіні айқын. Бұл электр желілері компанияларында кассалық алшақтықтың пайда болуына алып келеді. Соның салдарынан жалақы кешіктіріліп, салық төлеу мерзімі бұзылып, инвестициялық бағдарлама орындалмай қалуы мүмкін.

Мұның бәрі бюджетті жоспарлау кезінде қиындық туғызады және тұтынушылардың мойнына түсетін шығынның өсуіне әкеледі, – дейді Нұрлан Әуесбаев.

Бұл ретте монополистер ұлттық электр желісін пайдаланғаны үшін «KEGOC» акционерлік қоғамына ақы төлеуі тиіс болады екен. Бірақ ол шығындар электр желілері компанияларының қолданыстағы тарифінде ескерілмеген.  

Мысалы, елімізде тарифтердің қымбаттауы бойынша Астана былтырмен салыстырғанда 22,5% өсіммен бесінші орында тұр. Мұнда электр плитасын пайдаланатын жұртқа тарифтің бірінші деңгейі үшін сағатына 100 киловатт (кВт/сағ) 1196 теңгеден 1466 теңгеге дейін өскен.

Электр энергиясының қымбаттауы басқа барлық коммуналдық қызметтің, соның ішінде су бұру мен сумен жабдықтаудың, жылу берудің және басқалардың бағасының өсуіне әкелетіні анық, өйткені суды көтеру, түсіру және тазарту үшін электр желісінен қуат алатын сорғылар мен жабдықтар қолданылады.

Бірыңғай сатып алушы моделі бүкіл Қазақстанбойынша тарифтерді теңестіру мақсатымен енгізілген еді. Қазіргі уақытта электр энергиясы нарығында ең қымбат тарифтің ең төменгі тарифтен айырмашылығы – 3,3 есе.

Алайда барлығына бірдей ортақ тариф қоюдың өзі көпшіліктің қалтасына ауыр тиеді. Өйткені тоққа орташадан аз төлейтін өңірлер ілеуде біреу.

Сондықтан Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев: «Бірыңғай сатып алушы моделін енгізгенге байланысты еліміздің қай өңірлерінде электр энергиясына тарифтер қымбаттайды және қанша теңгеге? Бірыңғай сатып алушы моделін Үкімет қандай жағдайда табысты деп санамақ? Егер модель өзін ақтамаса, келесі жоспарлар қандай болады? Нәтиже бойынша қай уақытта қорытынды жасалады?Шын мәнінде, Бірыңғай сатып алушы – бұл жаңа делдал және оның шығындары тарифтің құнына кірмек. Сонымен қатар, ол сыбайлас жемқорлықтың қаупі бар электр энергиясын реттемек. Процестің ашықтығы үшін қандай шаралар қолданылады?», – деп Үкімет басшысына қайырылды.

Жауаптарды «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңының 27-бабына сәйкес жазбаша түрде, бір айдан аспайтын мерзімде беруді сұрады.

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.