БҚО-да су тасқынынан 280 мың адам зардап шегуі мүмкін деген қауіп бар

ЖСДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Анаргүл Әбенова БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне ЖД ресми хат жолдаған болатын, онда 2022 жылы Батыс Қазақстан облысының елді-мекендерін су басқанына байланысты оларға елеулі залал келгеніне назар аударды.

Ресми мәліметтер бойынша, су басу аймағына БҚО-ның 280 мың тұрғыны бар 138 елді-мекені кіреді. Аймақта 200-ден астам өзен мен көл бар, олардың 45-і су тасқыны кезеңінде үздіксіз ағып тұрады.

«Бірақ бұл өзендердің бір бөлігі мүлдем қадағаланбайды. ЖСДП өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізу және кептелуді механикалық және басқа тәсілдермен жоюға арналған шаруаларды ұйымдастыру үшін уақтылы тендер өткізу қажет деп санайды. Қыстың аяғында болатын қалың қар, топырақтың қатуы мен Ресей жақтан жететін бақыланбайтын су төгінділері БҚО-ның судың астында қалуына әкелуі мүмкін», - деп алаңдаушылық білдірді партияның Оралдағы филиалының басшысы.

Ол жарылыс жұмыстары мен кептелуді жоюға арналған іс-шараларды өткізу орындарын анықтау үшін тәуелсіз бақылаушылар, қоғамдық бірлестіктер, бастамашыл азаматтар, экологтар, өлкетанушылар мен ғылыми қызметкерлердің басын қосатын комиссия құруды ұсынды.

Бұған дейін БҚО-ның Төтенше жағдайлар департаменті партияға жіберген жазбаша жауабында 2023 жылдың мамыр айынан бастап «БҚО-ны 2024 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындаудың кешенді жоспары» аясында 19 уақытша су бекеті орнатылғаны туралы хабарлаған. (Орал қаласының 19 елді мекенінде және облыстардың 8 ауданында бар «Қазгидромет» РМК БҚФ-ның 22 гидропостына қосымша ретінде).

Құтқарушылардың айтуынша, биылғы су тасқыны кезеңінде облыстағы өзендерде кептелу құбылысы байқалмады, сондықтан жарылыс жұмыстарын жүргізу орынсыз болған. 2024 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық үшін департамент Оралдағы және аудандардағы әкімдіктерге жарылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім жолдаған, сондай-ақ, жергілікті билікке проблемалық учаскелердің нақты санын анықтау жөніндегі комиссия құру қажеттігін еске салды.

Сонымен қатар, шенеуніктер мұздың жиналып қалуын механикалық жолмен (мұз кесетін қондырғылардың, шынжырлы аралардың, бензорездердің, багорлардың, сондай-ақ бұрғылау құрылғыларының көмегімен) алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Олардың мәліметінше, су тасқыны кезеңінде Дерқұл, Шаған, Шыңғырлау, Шиелі және Қалдығайты өзендерінде 55 мың шаршы метр аумақта мұз кесу және 15 мыңнан астам шұңқыр бұрғылау жұмыстары жүргізілді.

ЖСДП БҚО филиалы

Смотрите также: