Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Наурыз Сайлаубай Сарқан ауданы Алмалы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ол 6 қазан күні өтетін референдумға ерекше тоқталды. Депутат өз сөзінде АЭС салу үшін мемлекет халықпен ақылдасу мақсатында қазан айының басында референдумды арнайы өткізіп жатқанына тоқталды.
Наурыз Сайлаубай егер елімізде атом энергетикасының құрылысы басталса заманауи технологиялармен қауіпсіздік талаптарына сай келетінін және қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей болып салыну керектігін баяндады.
Кездесуге келгенг тұрғындар депутатқа өз сауалдарын қойып, АЭС құрылысына қатысты алаңдаушылықтарын білдірді.
Наурыз Сайлаубай халықтың пікірі ескерілетінін және референдум нәтижесі осы маңызды мәселеде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Жиын барысында ауылдықтар АЭС құрылысына қатысты сұрақтардан бөлек, ауыз су тапшылығы, ауыл шаруашылығы, зейнет жасы және ГЭС салу мәселелерін көтерді.
Депутат әрбір сұраққа жауап беріп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы шешімдер қарастырылып жатқанын айтып, тұрғындардың барлық ұсыныстарын қағазға түртіп алып, алдағы уақытта ауыл халқының базыналары ескерілетінін атап өтті.
ЖСДП баспасөз қызметі