ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев, Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында №2 қалалық аурухана ұжымымен кездесті.
Мұнда ол жалпыұлттық референдумға қатысудың маңызына тоқталып, әрбір азамат өз таңдауын жасауға құқылы екендігін түсіндіріп айтып берді.
Кездесуге денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбаева Сәуле Сансызбайқызы, №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы және аурухана қызметкерлері түгелдей қатысты.
Аталмыш жиында референдумнан бөлек, МӘМС жүйесінің түйткілдері мен тегін дәрі алу, медицина қызметкерлерінің жалақысы сында тағы басқа да бірнеше мәселелер талқыланып, өзекті ой қозғалды.
ЖСДП баспасөз қызметі