ҚР Парламенті Мәжілісінің ЖСДП депутаттары Асхат Рақымжанов, Ажар Сағандықова және Наурыз Сайлаубай Қазақстанның Тәуелсіз Бизнес Одағының өкілдерімен көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату төлемі мәселесіне қатысты кездесу өткізді.
Депутаттар ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы әзірленіп жатқанын, ол өз кезегінде 2023 жылдың соңына дейін ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылатынын хабарлады.
ЖСДП фракциясының депутаттары Қазақстанның Тәуелсіз Бизнес Одағының өтінішіне жауап ретінде, берілген ұсыныстарды аталмыш Заң жобасын қарау кезінде жұмыс тобының басшысына жеткізетіндігін және мәселенің қарасытрылуына белсене қатысатындығын мәлімдеді.