Депутаттық сауал ҚР-ның Премьер-министрі Ә.А. Смайыловқа

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Менің депутаттық сауалыма себеп болған – «ақылдылардың» елден кетуі және біліктілігі жоқ жұмыс күшінің елге келуі.

Мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруы және білім алу үшін жоғары оқу орнын таңдау уақыты жақындап қалды.

Жылдан жылға көптеген шетелдік жоғары оқу орындары Қазақстаннан үздік оқушыларды тарту үшін өз саясатын мақсатты түрде жүргізіп отырғаны жасырын емес, ал олар болашақта көбінесе сол елдерде қалып қояды.

Егер ресми статистикаға сүйенетін болсақ, елге келу жағынан Қазақстан 2004-2011 жылдар аралығында ғана тартымды болған, сол кезде келу сальдосы оң болған*.

Осы кезеңде көші-қон есебінен халық санының өсуінің ең төменгі көрсеткіші – 2008 жылы (1117 адам), ал ең үлкені көрсеткіші 2006 жылы болды, сол кезде елге 66 731 адам келіп, республикадан тыс жерлерге 33 690 адам кетіп, өсім 33 041 адамды құраған.

Бірақ 2012 жылдан бастап ел азаматтығын алуға ниет білдірген адамдарға қарағанда елден кеткен қазақстандықтар көп болған. Мәселен, 2021 жылы теріс сальдо 21 217 адамды құрады.

Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, елден кету тоқтады. Дегенмен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша теріс сальдо сақталып отыр – 6722 адам.

Жан басына шаққандағы тығыздықты ескерсек, біздің еліміз үшін бұл қауіпті көрсеткіш. Әсіресе, Дүниежүзілік банктің мәліметінше, жоғары білімі бар бір адамнан айырылу 1 миллион АҚШ долларына тең.

2000 жылдан бастап шетелге кетудің салдарынан қазақстандықтардың саны 346 мың адамға азайды.

Өкінішке орай, олардың орнына көбінесе Қазақстан аумағына көрші елдерден заңсыз, біліктілігі жоқ жұмыс күші келеді. Олардың салық төлемейтіні былай тұрсын, біздің отандастарымыздың «нанын» тартып алуда.

Мәселен, Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) «Орталық Азия экономикасы: жаңа көзқарас» деген баяндамасында Қазақстан Орталық Азияның жетекші экономикасы болып табылатыны көрсетілген.

Көрші елдердегі жұмыс орындарының тапшылығы жағдайында Қазақстанға Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан заңсыз иммигранттар жиі келеді.

Тәжікстан мен Қырғызстанда ақша аударымдары елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 25%-ын құрайды.

Өзбекстанда олардың үлесі төмен, бірақ тұтынудың мигранттардың кірісіне тәуелділік деңгейі жоғары, жалпы ішкі өнімнің шамамен 15%-ын құрайды.

Ішкі істер министрлігінің ресми деректері бойынша, көші-қон ахуалын талдау шетелдіктердің елге заңды түрде кіретінін көрсетеді, алайда кейбір жағдайларда көші-қон заңнамасын бұзушылар қатарына ауысады, бұл ретте оларға біздің Қазақстан азаматтары көптеп көмектеседі. Бұзушылықтардың едәуір бөлігі – шетелдіктерді әкелуге рұқсат құжаттарын алмай оларды жұмысқа тартумен байланысты. Көп жағдайда құқық қорғау органдары мұндай әрекеттерге көз жұмады!

Өткен жылғы қарашада көші-қон ағынының қозғалысын есепке алу мақсатында Үкімет Мигранттардың жүріп-тұруын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды көздеді, ол мемлекетке көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін тиімді түрде анықтауға мүмкіндік беретін еді, ал адамдар үшін уақытты үнемдей отырып, мемлекеттік органдармен байланысты барынша азайтып, мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдететін еді. Бірақ осы күнге дейін үкімет тарапынан тиімді әрекет байқалған жоқ!

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ЖСДП фракциясының бірқатар сұрақтары бар:

Бұл жүйе қашан іске қосылады, оны жасаған кім және оны жасауға қанша қаражат жұмсалды? Мен бұл сұрақты it-қауіпсіздік және ұлттық қауіпсіздік деректерін сақтау контекстінде қойып отырмын.

Ішкі істер министрлігі анда-санда «қолмен атқару режимінде» көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді.

Өткен жылы осыған байланысты қанша жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, соңғы 5 жылдың динамикасы қандай? Бұзушылардың көбі негізінен қай елдерден?

Болашақта заң бұзушылар үшін – Қазақстан шекарасын кесіп өтуге тыйым салуға дейін барудың, ал заңсыз мигранттарды жасырып, оларға заңнаманы бұзуға жағдай жасайтын қазақстандық жеке және заңды тұлғалар үшін – жазаны қатаңдатудың қажеттілігі туындап отырған жоқ па?

11-сыныпты бітірген абитуриенттердің қанша пайызы жоғары оқу орындарына түсетініне талдау жүргізіле ме? Олар қай мемлекеттің?

Соңғы 5 жылдағы деректерді беруіңізді сұраймын.

Құрметпен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының депутаттары

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.