Сонау Кеңес дәуірінде ТМД елдері арасында Қазақстан мен Украинада егін шаруашылығы қарқынды дамығаны белгілі. Тәуелсіздік алғаннан кейін де осы салаға маманданған Қазақстандық диқаншылар қауымы құнарлы топырақтан өнім алып, оны қамбаға құйып, кәсібінің нәсібін көріп келеді.
Десе де, бүгінгі таңда Қазақстанда бидай мен күнбағыс тұқымдарының бағасы құлдырағаны егіншілерді алаңдатып отыр. Бұл тұрғыда 14 тамыз күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Абай облыстық филиалы белсенділерінің «Алтай-
Оның сөзінше, бидайдың тоннасы қазір 80 мың теңге көлемінде. Ресейдегі рубль бағасының төмендеуі, ондағы астыққа экспорттық баждың азаюы, екі елдің теміржол тарифтерін біріздендіру жақын арада Орта Азия мен Қытайдағы сатып алушылардың Ресейдің арзан ауылшаруашылық өнімдерін таңдауына әкелуі ықтимал.
«Мұның өзі еліміздегі астық бағасы ресейлік астықпен теңестіріліп, өз құнынан төмен болуына алып келді. Сондықтан Қазақстан фермерлеріне бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін жоғары өнім алу аса қажет. Биылғы маусымда елімізде бір гектарға салынатын инвестиция құны – 100 мың теңге. Егер де өндірістің барлық бағасы қымбаттаса, инвестиция одан да көп болатыны анық», – дейді Нұрбол Талдыбеков.
Бұл орайда, фермерге кірісті айтпағанның өзінде, тек шығындарды өтеу үшін әр гектарынан 20 центнер өнім алу керек. Ал ең төменгі рентабельділік үшін жоғарырақ нәтиже қажет.
Өкінішке қарай, бүгінде ірі аграрлық кәсіпорындардың тұралағаны байқалады. Олардың санының күн санап артып келе жатқаны алаңдатарлық жайт.
Ал елдің әл-ауқатын ілгерілететін аграрлық саланың құлдырауы, экспорттың күрт төмендеуі жақсылықтың нышаны емес.
Шындығында, мұның өзі ел экономикасының құлдырауына алып келуі ғажап емес. Күрмеуі қиын мәселе мемлекеттік деңгейде қаралғанда ғана өз шешімін табады. Сондықтан Орта Азия нарығында бәсекелестікке төтеп беру үшін жоғары сапалы бидай өндіру мәселесі мемлекеттік деңгейде қаралып, билік тарапынан қолдау көрсетілгені маңызды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Абай облыстық филиалы