Құрметті қазақстандықтар!
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Бұл сайлаудың ел тарихында қалары сөзсіз. Тәуелсіз Себебі алғаш рет Парламент құрамына қуыршақ емес, нағыз оппозициялық партия еніп отыр.
Қатаң партиялық бәсекелестік пен сансыз кедергілерге қарамастан, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Парламент Мәжілісінде лайықты орындарға ие болды.
Алғашқы қадам жасалды – оппозиция Парламентке өтті!
Партияның сайлаушылардың 5,2% дауысына ие болуы шынайы демократияға бастар жолдың басы ғана екеніне сенімдіміз. Бұл біздің бірінші жетістік, алғашқы жеңіс!
Барлық қолдаушыларымызды, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның барлық жақтастарын ортақ жеңісімізбен құттықтаймыз! Біз дегенімізге жеттік – оппозиция Парламентте!
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.