Елімізде мемлекеттік тұрғынүй бағдарламалары тиімсіз болып тұр

Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты ЖСДП фракциясының мүшесі Наурыз Сайлаубай, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға партия депутаттарының атынан сауал жолдады.

Сауалда елеміздегі тұрғынүй бағдарламаларының жүйесіздігі сынға алынды. Депутат өз сөзінде халықты мемлекеттік тұрғыда жеңілдетілген тұрғұн үймен қамтамасыз етуді жолға қойып отырған «Отбасы банкінің» араға жыл салып халыққа ұсынып келе жатқан түрлі бағдарламаларын жан-жақты зерттеп халық үшін тиімсіз тұстары бар екенін баса айтты.

«Адам түсінбейтін бағдарламалардың тағы бірі – «Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы». Атынан ат үркетін бұл бағдарлама бұрынғы «Нұрлы жер» бағдарламасының орнына шыққан жаңасы болып отыр. Ең қызығы атауын өзгерте салған заты сол бәз баяғы қалпы. Бәз баяғы дейтінім ішкі құрылымдық ережелері 2-10-20 – бұрынғы «Бақытты отбасы» бағдарламасы, ал 5-10-20 – баяғы «Шаңырақ» бағдарламасы екеніне ережелерді саралай келе көз жеткіздік»,-дейді ол.

Демек бағдарламалардың тиімсіздігінен тұрғындар түрлі келеңсіздіктерге ұшырайтынын айтқан Наурыз Сайлаубай, елді әурелемей бір бағдарламаны ғана қалдырып сол жобаны барынша жетілдіріп баспанаға мұқтаж жандар үшін шын тиімді дүние жасау керек дегенді айтады.

Сонымен бірге халық қалаулысы партия фракциясы депутаттарының атынан екі түрлі ұсыныс айтты. Аталмыш ұсыныстарда ол, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасындағы пайыздық көрсеткішті 20% пайыздан 10% пайызға дейін азайтуды ұсынды. «Пайыздық мөлшерлемені тіпті 10% - 8% пайызға дейін төмендетсек, халыққа шынымен тиімдірек болады»,- дейді.

2- ұсыныста болашақта халық санының артатуын ескере отырып, шалғайдағы елді мекендер мен қалаларға қоныс аударушыларды ынталандыру үшін нақты жоба жасау маңызды екенін алға тартты. «Болжамдарға сәйкес алдағы уақытта халық саны 27 млн-нан. асады деп отырмыз. Халықтың үлесі оңтүстік өңірлерде көп болмақ, ал солтүстік және шығыс өңірлерде керісінше халық саны төмендей бермек.

Осы тұста көршілес Рессей еліндегі секілді, 2% пайыздық «Дальневосточная ипотека» бағдарламасы сынды жобаны жүзеге асыру аса маңызды. Мысалы бізде де елдің ең шалғайдағы нүктесіне барғаны үшін қосымша қолдаулармен бірге төменгі 2% пайыздық мөлшерлемемен үй алуға қарыз беру қажет»,-деп санайды ол.

Депутаттық сауалда көтерілген мәселелер шынымен де ел тұрғындары үшін аса өзекті әрі маңызды екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан ЖСДП депутаттары мәселемен алдағы уақытта да айналыса беретіндіктерін жеткізді.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также: