Өңір тұрғындары мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысының нашарлығына шағымдануда

Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова Оралда әлеуметтік қызмет алушылармен, атап айтқанда ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарымен, көп балалы отбасылармен және жалғыз басты аналармен кездесті.

Орал тұрғындары депутатпен кездесуде мемлекеттік органдардың бұл бағыттағы ақпараттандыруының төмендігі мен психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар қызметінің ашық болмауына шағымданды.

Ажар Сағандықова Үкіметке тиісті депутаттық сауал жолдағанын атап өтті. Ол мемлекеттік органдарға өз жұмысындағы ұстанымдары мен тәсілдерін өзгертуді ұсынды.

Депутат халықтың әлеуметтік осал топтары үшін электронды қызметтерге қолжетімділікті арттырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ әлеуметтік қызметтерді алу үдерісін жеңілдететін жаңа цифрлық платформаның енгізілуін қадағалайтынын айтты.

Сапар аясында мәжілісмен облыстық мәслихат депутаттарымен және жұртшылықпен де кездесті.  Отырыста су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы есептеу жөніндегі комиссияның жұмысы, киіктердің мәселесі және өңірдегі басқа да өзекті түйткілдер талқыланды.

ЖСДП Баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
04.09.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС АЖАР САГАНДЫКОВОЙ МИНИСТРУ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева