Праламент мәжілісінің депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігінің 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджет жобасына байланысты арнайы отырыста бірнеше маңызды мәселеле төңірегінде депутаттық ұсынымын ортаға салды.
Мәжілісімен өзінің ұсынысында еліміздегі алеуметтік осал топтар үшін төленетін жәрдемақыны жоғарлату қажеттігін айтты. Тіпті кейбір жағдайларға байланысты жәрдемақыны 50%-ға дейін өсіру керек деп отыр ол.
Ол өз сөзінде, «Біз әскери зейнеткерлер мен қарулы күш құрылымдарының зейнеткерлерін әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін қайта қарау қажет. Атап айтсам, Семей ядролық полигонына қатысушылар мен ардагерлеріне, радиациядан зардап шеккен және белгілі бір дәрежеде қырғи қабақ соғыстың құрбаны болған бұрынғы әскерилердің де жәрдемақысын қайта қарау керек. Тіпті арасында 35 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттен тиісті 30 мың теңге зейнетақы мен медициналық көмек ала алмай жүр. Олар Кеңестің құпия армиясының бөлімшесінде қызмет атқарған жандар. Статистикалық дерек бойынша 1949-1989 жылдар аралығында ядролық сынақтарға 10 000 -ға жуық әскери қатысып зардап шеккен екен.
Оның ішінде тікелей жарылыстарға біздің елден қатысқандар шамамен 4000 адам деп көрсетіледі. Ал 2024 жылы осы сынаққа қатысқандардан тірі жүргендері не бары 500-ге жуық жан»,- дейді депутат.
Шынымен адам төзгісіз құпия сынақты өз бастарынан өткеріп бүгінгі таңда мемлекеттен берілер көмекке зәру болып отырған жандардың мәселесі кімді де болса толғандырары сөзсіз. Ең өкініштісі сол, зейнетақы рәсімдеу ісінде де көп кедергі мен теперіш көретін жандар да осы ядролық сынаққа қатысқан азаматтар екен. Бұл туралы депутат былай деді.
«Ардагерлер қазір арнайы жеңілдіктерге, атап айтсақ не бары шамамен 30 мың теңгеге қол жеткізе алмай жүр. Осы мәселені тез арада шешу қажет»,-дейді ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев.
ЖСДП баспасөз қызметі