«ЛРТ – жемқорлық ескерткіші» митингісінің РЕЗОЛЮЦИЯСЫ
11.03.2023 ж. Астана қ.
Біз, «ЛРТ – жемқорлық ескерткіші» митингісінің қатысушылары,
- жемқорлықтың мемлекетті күйрететінін, адамдар арасындағы сенімділікті азайтатынын, институттарға деген сенімді жоятындығын түсіне отырып;
- парақорлықпен күрес кезінде, әсіресе саяси деңгейде, батыл шаралар қолданылмаса, Қазақстан тұрақты даму жолына түсе алмайды деп есептейміз:
- Жемқорлықтың ең басты тосқауылы ретінде халықтық парламенттік бақылау жасақтауды;
- Қала азаматтары қалалық шешімдерді қабылдай алатындай плебисцит институтын енгізуді;
- Мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын бірінші басшылардың толық дербес жауапкершілігімен қысқартуды;
- Орталық және жергілікті атқару органдарында барлық деңгейдегі депутаттар мен шенеуніктердің кіріс-шығысы туралы міндетті жария декларацияны шұғыл түрде енгізуді;
- Жемқорлармен нәтижелі күрестің жалғыз қаруы - негізсіз баюға қарсы қылмыстық бап енгізуді;
- Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін мерзімінен бұрын босату
құқығынсыз барынша ұзақ мерзімге жазалауды; - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында әр 5 жыл сайын жауапты лауазымдарды атқаратын мемлекеттік және саяси қызметшілерді ротациялауды
ТАЛАП ЕТЕМІЗ