Жақында Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жастарымен теңіз айдынында еркін форматта кездесті. Жүздесу барысында өңірде туризмді дамыту, қордаланған мәселелерді шешу , тың идеяларды жүзеге асыру жолдарына қатысты жастар өз ой-пікірін ортаға салды.
Мәселен, таңғажайып Бозжыра шатқалы, Шерқала тауы, Кемпіртас, Торыш шар алқабы секілді туристік жерлерді дамытуды қолға алу, шетелдіктер тарихи деректерді жақсы көретініне орай өңірдің тарихын келген қонақтарға кеңінен тарқату, сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру арқылы туризмді дамытуға болады. Ал бұл сала мемлекеттің экономикасына оң ықпал етпек.
«Мұнайды өндіруді қазірден азайтпасақ, болашаққа не қалады? Мысалы, Бозжыра бұрыннан келе жатқан туристтік мекен. Оданда туризмді дамытуды қолға алу керек. Ол үшін чартерлік рейстерді іске қосқан жөн. Прогресстен қорықпау қажет», - дейді Жаңбырбай Матаев.
Жастар Маңғыстау облысындағы таңғажайып «Шарлар алқабы» деп аталған аймақтың мемлекеттік қорғауға алынбағандығына алаңдаушылық білдірді. Жастар төрағасы Нұрлан Тазабаев: «Шарлар қорғалмаса, ертеңгі күні ол жердің «Бос алқап» болып кетпеуіне кім кепіл?», - деген сауал қойды
Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаевтың айтуынша, Шарлар алқабы әлі де балансқа алынбаған. Бірақ жыл соңына дейін заңдастырылмақшы. Оған мәдениет басқармасы жауапты. «Адамдар алып кеткен шарларды қайтара алмаймыз, себебі олар мемлекеттік қорғауда жоқ. Қалған шарларды нөмірлеу аркылы зандастырып тіркейді. Мұндай жұмбақ тас ешбір жерде жоқ, сол үшін бұл мәселені тезірек қолға алудамыз», - деді ол.

ЖСДП Маңғыстау облыстық филиалы