Маңғыстауда өңірдің қоғамдық-саяси дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Маңғыстау облысы филиалының ұйымдастыруымен Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханада «Еркіндік.Әділдік.Ынтымақтастық» атты жылды қорытындылау іс-шарасы өтті. Жиында Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси даму жолындағы үлестері үшін еңбек еткен партия белсенділері марапатталды.

Біз бірқатар әріптесімізді еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін марапаттауды шештік. Басты мақсатымыз – әрқашан өскелең ұрпаққа, Маңғыстау облысының дамуы үшін аянбай еңбек етіп жатқан жандарға қолдау көрсету.

Марапаттау кезінде Ақтау қаласының 60 жылдығына орай Маңғыстау облысының дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін ЖСДП Маңғыстау облысы филиалының төрағасы Мыңбаев Сәкен, ЖСДП Маңғыстау облысы филиалының Түпқараған ауданы бойынша Бастауыш партия ұйымының төрағасы Қарашаев Бекен, ЖСДП Маңғыстау облысы филиалының Жаңаөзен қаласы бойынша Бастауыш партия ұйымының төрағасы Орынбасаров Орынбекке төсбелгі табысталды.

Жиын барысында 7 адам Маңғыстау облысының әкімінен Құрмет грамотасын алды, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаевтың алғыс хаты облыс әкімінің орынбасары Звира Есбергеноваға, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Гүлмира Әбішеваға салтанатты түрде табыс етілді.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаевтың алғыс хатымен өңірдің дамуына үлес қосқан 10 адам марапатталды. Ал 14 адам Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Асхат Рақымжановтан, 15 адам облыстық партия филиалының төрағасы Сәкен Мыңбаевтың атынан алғыс хат алды. Жиында 49 адам марапатталып, патриоттық әндер шырқалды.

ЖСДП Маңғыстау облыстық филиалы Мадина Төрешова

Смотрите также: